Жас өнерпаздарды біріктіретін іс–шара
2025 жылдың 15–16 ақпан күндері Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайында II қалалық JAS star.kst байқауы өтеді. Бұл байқау талантты әрі шығармашыл жастарды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылады. Байқауға 15 пен 35 жас аралығындағы өнерлі жастар қатысып, өз қабілеттерін көрсете алады.
JAS star.kst байқауы ән және би өнерінің екі негізгі бағыты бойынша өткізіледі. Ән: бұл бағытта жеке орындаушылар, топтар және ансамбльдер өнер көрсетеді. Би: шағын топтар, ансамбльдер және шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
Қатысушылардан өтінімдер 2025 жылдың 6 ақпанына дейін қабылданады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін байқауға қатысушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Бұл кезеңде ұйымдастырушылар қатысушылардың өнерлерін жетілдіруге бағытталған жұмыс жоспарларын жүзеге асырады. Жеңімпаздарды бағалау критерийлеріне сәйкес қазылар алқасы анықтайды.
Байқаудағы әрбір бағыт бойынша жеңімпаздарға қомақты жүлделер табысталады: Бас–жүлде – 1 миллион теңге; 1–ші орын – 500 мың теңге; 2–ші орын – 300 мың теңге; 3–ші орын – 150 мың теңге.
–Бұл байқауды ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – дарынды жастарды анықтау және қолдау. Өйткені, жастар – кез келген елдің болашағы мен әлеуеті. Оларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру – біздің басты міндетіміз, – дейді «Мирас» мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Валентина Степанова.
Жас таланттардың өнерін тамашалауға шақырамыз! Бұл байқау – жас дарындардың өз қабілеттерін көрсетуге, шығармашылықпен айналысуға шабыттануға және болашақта биік белестерге жетуіне зор мүмкіндік береді.
Байқауға қатысты толық ақпаратты 8 777 238 45 29 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.
Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,
сурет madeniet_miras инстаграм парақшасынан
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77