COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106187

Выздоровевших

111492

Зарегистрированных случаев

3616

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Новости Социум

Қостанайда көп қабатты тұрғын үйлер жаңа кейіпке еніп, ажарлана түсті

Ғимараттардың сыртына әктеу, сырлау жұмыстары жасалуда


Қостанай шаһарында демеушілердің қаржысына бірнеше көп қабатты тұрғын үйлерге әктеу, сырлау сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы «Көркейе бер, Қостанай» жобасының аясында қаламыздың Карбышев көшесіндегі және басқа да шағын аудандарындағы көпқабатты үйлерге тиісті жөндеу жұмыстары жасалған болатын.

Қазіргі таңда қаламыздың орталығындағы көптеген көпқабатты үйлердің сырты әктеліп, сырланып шаһар көркіне көрік қосып тұрғанын күнде байқап жүрміз.

Осындай жөндеу жұмысы Пушкин көшесіндегі №92 үйге толық жүргізілген.

Мұндағы тұрғындар үйлерінің ғимаратына жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына дән риза. Олар өздері көп жылдар қатарынан ғұмыр кешіп жатқан үйдің сырты жаңарып, заманауи пластикалық айналы болкон жасалғанына да қуанышты.

Міне, дәл осындай жөндеу жұмыстары қаланың қақ ортасындағы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан №70-ші үйде де өз жалғасын табуда. Бұл үйдегі барлық пәтерге пластикалық айналы болкондар орнатылған. Сыртынан да ішіненде әдемі көрінетін жаңа қылтима мұндағы тұрғындардың да көңілінен шыққан.

Бұл болкондар жарықты жақсы түсіреді екен. Сондай-ақ оны орнату кезінде сапалы жасалған жұмыстар да жергілікті тұрғындарды тәнті еткен.

Осындай жөндеу жұмыстары менің үйме де жасалса екен дейді қаламыздың байырғы тұрғыны Қарагөз Сыздығалина. Ол облыс орталығының Абай даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрады.

Шаһарымыздың бүгінгі келбетіне тәнті. Жыл сайын адам танымастай өзгеріп жатқан қаламызға сырттан келген қонақтар таң-тамаша болып жататынын айтады.

Көп қабатты тұрғын үйлерге алдағы уақытта да ерекше көңіл бөлінетін болады.

Үстіміздегі жылы көрікті қаламыздың 30 тұрғын үй ғимараттарының сыртына әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілетін болады. Сыртынан жылтырап, алыстан көзге түсетін әсем ғимараттар қаланың көркін айқындай түсері анық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77