Образование

Қостанайда келесі оқу жылына балаларды үйірмелерге қазірден бастап жазуға болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің IQostanay балаларға арналған SMART-орталығы ата-аналардан балаларын түрлі үйірмелерге жазу үшін өтініштер қабылдай бастады.

Өтініштерді онлайн түрде MINDAL платформасы арқылы беруге немесе орталыққа келіп, тікелей жазылуға болады.

Орталықта балалардың шығармашылық, ғылыми-техникалық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Бұл үйірмелер балалардың жан-жақты дамуына, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Орталық директорының айтуынша, ата-аналар тарапынан үлкен қызығушылық бар.

– Қазірдің өзінде үйірмелерге белсенді түрде жазылу жүріп жатыр. Көптеген ата-аналар балаларын бізге әкелуге ниет білдіруде. Біздің мақсатымыз – әр балаға өз қабілетін ашуға жағдай жасау, – дейді IQostanay SMART-орталығының директоры.

Үйірмелерге қатысуға ниет білдіргендерге өтінішті MINDAL платформасы арқылы немесе орталыққа келіп толтыру ұсынылады.

Аяжан СЕРІК,
сурет архивтен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77