Онда қатысушылар медиа білім беру және медиасауаттылық үлгілерімен танысуда
Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 8-10 шілде аралығында Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кітапханашыларына арналған медиасауаттылық бойынша онлайн тренинг өтуде.
Өңірімізде төрт облыстың кітапханашылары атсалысып жатқан онлайн тренингті облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ашып, сөз сөйледі.
Аталмыш тренингке Украина мен Қазақстанның тәжірибелі жаттықтырушылары Хмельницкий орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» құралының авторы Тамара Козицька, белгілі медиажаттықтырушы Мейрамхан Жапек және Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Дариха Дюсебаева қатысуда. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтуде.
Мұнда қатысушылар медиабілім беру және медиасауаттылық үлгілерімен танысады. Олар медиасауаттылық күнделікті өмірге қажетті дағды, жаңалықты саралай білу. Ақпаратты жеткізудің стандарттары. Ақпараттың туралығын қалай тексеруге болады. Ақпарат көздерінің жіктелуі, ақпараттық соғыс: насихаттан қалай құтылуға болады немесе халық неге оңай алданып қалады, сыни тұрғыдан ойлаудың технологиялары мен әдістері сынды бағыттарды жан-жақты меңгереді.
Жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің (#USAID) қолдауымен #MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Іс-шараны ұйымдастырушы Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Дариға Дюсебаеваның айтуына қарағанда, бұл тренингке 35 адам қатысуда. Бүгін «Медиасауаттық және мадениет аралық коммуникация», «Факты и мнение», «Личная предвзятость СМИ», «Пондемия кезінде онлайн оқырмандарға не қызықты?» сынды маңызды тақырыптар көтеріліп, қатысушылар өздерінің пікірлерін ортаға салуда.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77