Здравоохранение Коронавирус

Қостанайда Kostanay Plaza сауда орталығында коронавирусқа қарсы екпе егу кабинеті ашылды

Сауда орнында күніне 300 адамға дейін екпе егу жоспарланып отыр

Өткен жетіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаев қаладағы сауда орталықтарында вакцинациялау кабинеттерін ашу жоспарланғанын айтқан болатын.

Енді адамдар көп шоғырланатын жердің бірі Kostanay Рlaza сауда-ойын-сауық орталығының үшінші қабатында жеке егу кабинеті ашылды. Екпе алғысы келгендер 15 сәуірден бастап таңғы 10:00 – ден кеші 20:00 – ге дейін екпе ала алады.

Жеке кабинетте №3-ші емхананың оқытудан өткен медицина қызмткерлері қызмет көрсететін болады.

– Бұл кабинеттерді ашудағы бірден бір себеп халықтың қолжетімділігін арттыру. Сондай-ақ, тағы да қоғамдық орындарда дәл осындай екпе кабинеттерін ашу жоспарда бар. Қазіргі таңда, Қостанай облысына вакцинаның бірінші компонентінен 24 мың доза жеткізілсе, 12 мың доза екінші компонент жеткізілді. Екпе алған адамның жағдайы бақылауда болады. Екпе салдырудың екінші әдісі электронды үкімет порталы арқылы кезеке тұру арқылы. Сіздің өтінішіңіз қабылданған соң медицина қызметкерлері хабарласып екпе алуға шақырады, – деп атап өтті Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ангела Бексұлтанова.

Орынбасардың айтуынша, алдағы уақытта орталықтағы облыстық филармония ғимаратында екпе кабинетін ашу жоспарланып отыр екен. Оның баяндауынша, емханаларға науқас кісілермен қатар сау адамдар да барады. Бұл аурудың таралу деңгейін төмендетіп және кезекті болдырмауға көмектеседі екен.

– Сауда орталығында тіркеу орны, тексеру кабинеті және екпе егу кабинеті бар. Екпе қабылдап болған адам 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Бұл орталықа күніне 300 адамға дейін екпе егу жоспарлануда, – деп атап өтті орынбасар.

Екпе егу кабинеті жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, сол уақыт ішінде өңірде жарты миллионға дейін адам егу жоспарлануда.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77