Біздің Қостанай Спорт

Қостанайда ұлттық спорт шабандоздарының жарысы

Қостанай қаласында Аударыспақтан жасөспірімдер арасындағы ХІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Өткен ел біріншілігіне еліміздің 15 өңірінен 159 спортшы қатысты. Ұлттық спорттың көшін бастаған спорт түрінен өткен жарысқа еліміздің ең таңдаулы деген балуандары қатысып, бақтарын сынады.
Жасөспірімдер арасындағы чемпионатты ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР аударыспақ федерациясы мен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастырды.

– Қатысушылар 15 өңірден, оның ішінде Алматы және Шымкент қалаларынан, қалғаны 13 облыстан келіп отыр. Бұл жарыстың жалпы ерекшелігі биылғы жылғы чемпионатқа өңірлердің көптеп қатысуы. Спортшылар мен спортшы аттардың ерекшелігін байқау арқылы біз сараптама жасаймыз, – дейді Нұркен Байбөриев, ҚР ұлттық және ат спорт түрлерінен мемлекеттік жатықтырушы.

Аударыспаққа қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелден келе жатқан бұл ойын – жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш сермейтін жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырса, бүгінде жігіттің ерік-жігерін шыңдауда таптырмайтын спорт түрі.

Аймақтардан келген ат үстіндегі күрес шеберлері 9 салмақ бойынша күш сынасты. 42 , 48, 54, 59, 65, 71, 77, 82 және 82 келіден жоғары.

– Қарсыластарым өиын болды. Барлығы жақсы дайындалып келген. Финалда өзіміздің Ақтөбелік баламен күрестім. Ауылда өзіміз дайындалып жүрдік, бір ай қалғанда қалаға барып сборларда дайындық өтті, – дейді 71 келі бойынша 1 орынға ие болған Ақтөбе облысының балуаны Ералыс Амантай.

Нәтижесінде Түркістан облысы бірінші орынды иеленіп, үздік атанды. Ақтөбе облысынан келген спортшылар командасы екінші орында, жамбылдықтар үздік үштікті қорытындылады.

Астықты өлкеде ұлттық спорт түрлерінің, әсіресе жасөспірімдер арасында республикалық деңгейде өтуі алғаш рет.

Сайыскерлер үшін үш жүрлделі орындар мен қардылай сыйлықтар қарастырылған.

Аяжан СЕРІК,
Фото ұлттық спорт


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77