COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

113646

Выздоровевших

126860

Зарегистрированных случаев

4846

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1945

Летальных случаев

Социум

Қостанайда Мәуліт мерекесі онлайн түрде аталып өтілді

Онда көпшілік қауымға өнегелі өсиеттер айтылды

Қостанай облыстық мешітінде Мұхаммед пайғамбардың туған айы құрметіне Мәуліт мерекесі заманауи түрде аталып өтілді.

Олай дейтін себебіміз, еліміздегі жағдайға байланысты аталмыш рухани шара халыққа ыңғайлы уақытта онлайн форматта @Mechet_kostanay Instagram желісі арқылы тікелей көрсетілді.

Айтулы мерекеге орай, Қостанай облыстық мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы сөз алып, пайғамбарымыз туралы өнегелі өсиеттерді мысалға келтіре отырып, тағылымы мол салауат айтуға шақырды.

Содан кейін найб имамдар Дархан Манарбекұлы, Әлішер Ертайұлы, Тұрым Ақанұлы және шәкірт Дінмұхаммед Бектұрсынұлы Мәуліт қағидасы мен салауат шарифін оқыды. Қасиетті Құран аяттарының батасын белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы берді.

Бұл есте қаларлық шараны Рудный қалалық мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жүргізіп, Мәуліт мерекесінің ғибраттық жағы ерекше екендігіне тоқталды.

– Мәуліт мерекесін еліміздегі қауіпті дертке байланысты онлайн түрде өткізіп отырмыз. Себебі, сақтықта қорлық жоқ демекші, әрдайым сақтық шараларын ұстанған абзал. Қала тұрғындарының денсаулығына зиян келтірмей, әлеуметтік желілер арқылы пайғамбарымыз туралы өнегелі өсиеттер айтып, көпшілік қауымның діни сауатын ашуды мақсат еттік,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77