26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күн
Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен “Дені сау болу керемет” атты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-шара өтті.
– Жыл сайын спортқа, денсаулық сақтауға, мәдениетке үлкен қаржы бөлінеді. Алайда дұрыс өмір сүру қағидалалрын сақтамасаңыз бұл қаржы зая кетеді. Шынында да, бүгінгі таңда нашақорлық мәселесі өте өзекті. Жыл сайын есірткі заңсыз айналымнан көбірек алынуда, сонымен қатар есірткінің артық дозалануынан жыл сайын көптеген адамдар өледі. Егер статистикаға тоқталсақ, өткен жылы 5 ай ішінде заңсыз айналымнан 15 килограмм есірткі, ал иылғы жылы заңсыз айналымнан 300 келі есірткі заттары тәркіленді, – дейді Қостанай облысы Департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Айгүл Ерадилова.
Есірткі мен олардың синтетикалық аналогтарының қаншалықты тез таралатыны бұл мәселеге ерекше алаңдаушылық туғызады. Олардың әлеуметтік желілерде оңай және жылдам сатып алу тұрғысынан қол жетімділігі таң қалдырады. Соңғы онжылдықта есірткі мен психотроптық препараттарды қабылдайтын жасөспірімдер саны бірнеше есе өсті.
– Біздің кинологиялық орталықта 26 қызметтік ит бар, оның ішінде 3 қызметтік ит есірткі іздеу бойынша үйретілген. Кинолог маман Тесла есімді иттің есірткінің аналогын табуды көрсетеді. Біздің кинолог оқыған кинологиялық орталықта Тесла 14 облыс арасында есірткі заттарын іздеу бойынша 1 орын алды. Тіпті оның кубоктары, медальдары бар, – дейді Қостанай облысы ІІД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы Михаил Водопьянов.
Іс – шарада 6697 әскери бөлімі жастар арасында гір көтеру бойынша жарыс өткізеді. Оған қоса бірнеше концерттік нөмірлер қойылып, Қостанай облысы бойынша психикалық денсаулық орталығының психологы Гүлсім Бисимбаеваның есірткіге байланысты сұрақ – жауап викторинасымен жалғасты. Жауап берген көрермендерге бас киім мен футболка сыйға таратылды.
Аяжан СЕРІК
Фотоны түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77