Қостанай қаласындағы IQostanay орталығында 2 маусымнан бастап жазғы алаң өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бізге орталықтың директоры Гүлжан Адильбековна айтып берді.
– Жалпы, әр маусым сайын бізде түрлі іс-шаралар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Әр күннің бағдарламасы әртүрлі. Жаз бойы әр маусымға әртүрлі педагогтар тартылады. Қазірдің өзінде қызығушылық танытып жатқан ата-аналар мен балалар өте көп. Егер қателеспесем, қазіргі таңда бар-жоғы 4-5 орын ғана қалды. Бірінші маусымда 100-ден астам бала қатысады деп жоспарлап отырмыз. 15 мамырдан бастап тіркеу басталған еді, алғашқы күндері-ақ орындар тез толды, – дейді директор.
IQostanay жазғы маусымына жазылу процесі ашық түрде ұйымдастырылған. Мекеме кіреберісінде, вахтада қажетті мәліметтер орналастырылған. Сонымен қатар, ата-аналарға ақпарат телефон арқылы да беріліп жатыр.
– Әр топта 15 баладан болады. Бұл қауіпсіздік техникасына және типтік ережелерге сәйкес жүргізіледі. Бірінші топ таңертең, екіншісі түстен кейін қатысады. Бұдан бөлек, қосымша білім беру бағытында үйірмелер де жұмыс істейді. Мәселен, ағылшын тілі, қазақ тілі, бастапқы техникалық модельдеу және химия-биология бағытындағы үйірмелер ашылады, – дейді Гүлжан Баишева.
Жазғы алаңда бір маусым – 10 күн. Егер бала екінші немесе келесі маусымға да қатысқысы келсе, қайтадан өтініш жазу қажет.
– Әр кезең сайын орын саны азайып жатқанын ескеру керек. Сол себепті ата-аналарға тіркеуді алдын ала жасап қойған тиімді. Өтініштерді біз ашық түрде қабылдаймыз, оларды толық бақылап, тіркеп отырамыз, – деп атап өтті директор.
IQostanay жазғы алаңы балалар үшін тек демалыс емес, пайдалы әрі қызықты білім алаңы болмақ. Балалар мұнда ойнап қана қоймай, өз қызығушылықтары бойынша жаңа нәрселер үйреніп, достар табуға мүмкіндік алады.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77