Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ХІІ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу бойынша қала мен аудан мектептерінен келген оқушылар бақ сынады. Байқау барысында өтінім берген 22 үміткер мәнерлеп оқу нақышын жатық меңгергендіктерін дәлелдеді.
Байқаудың басты талабы, балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақстандық авторлардың прозалық шығармаларынан үзінді оқу болғандықтан оқушылар өз шамаларынша тырысып бақты. Айта кету керек бұл байқау осымен он екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын түрлі тақырыптарда өткізілген шара, биыл «Ұлттық кітап» күніне арналды.
«Аталмыш байқаудың негізгі мақсатының бірі балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, олардың бойындағы талантты ашу. Биылғы жарыс былтырғыдан өзгеше. Себебі, қатысушылар Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық үздік әдеби шығарманың қорытындысы болатын «Таза бұлақ» кітабына енген туындыларды жатқа оқиды», -дейді кітапхана қызметшісі Зоя Әлмұханқызы.
Байқауға қатысушыларды белгілі критерий бойынша әділқазылар алқасы әділ бағалады. Оқушылардың сахна мәдениеті мен, актерлік шеберліктеріне баса мән берілді. Әділқазылардың шешімімен 3-орынды қостанайлық Даниил Комаров , 2-орынды Қостанай ауданының атынан қатысқан Назым Баймурзина иеленді. Ал, жүлделі 1-орынды Қарабалық ауданынан келген Даяна Ертанова жеңіп алды. Қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп отырады.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77