13–14 наурыз күндері І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры көрермен назарына жаңа қойылым – «Шынайы ертегі» драмасының премьерасын ұсынады.
Спектакль поляк жазушысы, драматург Януш Гловацкийдің «Замарашка» шығармасының желісі бойынша сахналанған.
Қойылымның қоюшы режиссері – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек. Қоюшы суретші – Айнұр Есболатова.
Жаңа спектакль бала кезден таныс ертегі сюжетіне мүлде басқа қырынан қарайды. Бұл жолы оқиға сиқырлы сарайда емес, әйелдер колониясында өрбиді. Тағдыр тәлкегіне түскен бірнеше әйелдің өмірі, олардың қателіктері, өкініштері мен үміті арқылы қойылым адам тағдыры, әділет, заң мен жауапкершілік мәселелерін көтереді. Әр кейіпкердің өз «ертегісі» бар, бірақ ол – өмірдің өзінен туған шынайы ертегі.
Қойылым бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғайды: адамгершілік пен әділеттілік, заң мен тәртіп, жеке тағдыр мен қоғам талаптарының арасындағы тартыс. Осы тұрғыдан алғанда спектакль көрерменді терең ойға жетелейтін әлеуметтік драма ретінде ұсынылып отыр.
Театр ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа қойылымды тамашалауға шақырады.
Билеттерді Ticketon сайты арқылы немесе театр кассасынан алуға болады.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77
