Кәсіп иелерінің карантин талабын бұзуы тыйылып келеді
Қостанай облысы бойынша карантин шектеуі 2021 жылдың 6-қаңтарына дейін ұзарту туралы қаулы күшіне енді. Одан бөлек 25-желтоқсаннан бастап ел бойынша қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын. Онда мереке күндері жаңа жылдық кештерді мейрамханаларда және өзге де көп адам жиналатын орындарда атап өтпеу туралы баса көрсетілген.
Осыған байланысты Қостанайда мониторинг тобы түнгі рейдтік шарасына шықты. Түнгі 22:30-дан 01:00-гей дейін қала көшелерін кезген топ айтарлықтай өрескел талап бұзушылық жағдайын анықтаған жоқ. Тек, КСК ауданында орналасқан сыраханаға барғанда келушілердің барлығын шығарып салып, тек қызметкерлер ғана сырахана ішін жинастырып жабылғалы жатыр екен. Сырыхана әкімшісіне бұл уақыттан да ертерек жабылуы керек екендігі жөнінде ескерту жасалды.
Одан бөлек, «Dionis», «Premium Palace», «Сәулеш», «Royal» ойын-сауық орталығы мен мейрамханаларының есігінің тұтқасын тартып арнайы тексеріп өткен топ өкілдері нысандардың жабық екеніне көз жеткізді.
Орталықта орналасқан шағын мейрамханаларға да арнайы тоқтап тексеріп өтті. «Әуежай» ықшам ауданында бір азық-түлік дүкені жұмыс жасауда деген хабар жеткен соң, топ өкілдері бірден сол жаққа аттанды. Алайда, біз барғанша дүкен жабылып үлгеріпті.
Қостанайлық кәсіп иелері бұрыңғыдай өрескел талап бұзушылықты доғарған. Елді індет жайлағанда, көңіл көтерудің де мәнісі жоқ екенін ұғынған тәрізді…
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77