Образование

Қостанайда Тәуелсіздік күніне орай «Юбилейный» шағын ауданында жаңа мектеп ашылды

Аралас тілде білім беретін № 27 орта мектеп 1200 оқушыға арналған

Мектептің ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

Жаңа мектептің өзіндік сәулетінде де ерекшелік бар. Айталық оның ерекшелігі фойесі әйнек күмбезден салынған, жоғарыға қарасаңыз аспанды көруге болады.

Ылғалдатқыш функциясы орнатылған. Қажет болған жағдайда шатыр желдету үшін автоматты түрде ашылады, мұны механикалық түрге де ауыстыруға болады.

– Егер мектепте қандай да бір төтенше жағдайлар туындаса, онда бізде «Самоспас» эвакуациялық орындықтары бар. Бір минут ішінде мұндай құрылғы кез–келген жастағы, бойы мен салмағы бойынша 15-тен 35-ке дейінгі адамды қауіпсіз аймаққа көшіре алады, – дейді №27 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Бағытжан Исетова.

Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін жағдай қарастырылған, арбадағы адамдар үшін жедел саты орнатылған.

Мектептің өзі алты блоктан тұрады. «А» корпусы негізінен әкімшілік, мұнда 40 орындық оқу залы бар кітапхана, кітап сақтау орны, информатика және лингафон кабинеттері, киімілгіш, медблок бар. «Б» корпусы бастауыш мектепке толығымен берілген. Мұнда бастауыш мектепалды даярлық сыныбы үшін екі кабинет бөлу жоспарлануда.

– «Юбилейный» шағын ауданындағы №36-шы тұрғын үйге көшіп келгенімізге бірнеше айдын жүзі болды. Алайда, бұл ауданда мектеп болмағандықтан, балаларым №1 лицейде оқып жүрген еді. Енді міне, екі тілде білім беретін мектептің ашылуына куә болып отырмыз. 5-ші сыныпта оқытын баламды мектепке оқушы жинау науқаны кезінде тіркетіп қойдым. Үйімізде мектепке жақын орналасқан. Өте қауыныштымыз, – дейді «Юбилейный» шағын ауданының тұрғыны Мәншүк Алғашбаева.

Білім ордасы 38 сыныптық оқушы қабылдап үлгірген, негізгі 48 сыныпқа дейін қабылдай алады. Оқушыларды қабылдаған кезде балалардың тұрғылықты жері ескерілетін болады. Мектепке жақын ауданда тұратындарға басымдылық беріледі. Педагогикалық құрамды жасақтау жұмыстары да жүргізілуде. Жалпы, жаңа мектепте жетпіске жуық жас маман жұмыс істейтін болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77