Экономика

Қостанайда «THERMA PARK»  сауықтыру кешені іске қосылды

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов кешенді аралап көрді

Мемлекеттік бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өткен жөн. Аталмыш бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі бизнеске қолдау және жұмыс орындарын құру болып табылады.Қостанайда аталмыш бағыт бойынша  атқарылып жатырған жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар мол.

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов осындай жобалардың бірі де, бірегейі «Kostanay Plaza» сауда- ойын-сауық орталығының жанынын құрылған «THERMA PARK» сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты.

Екі орталықтың қосқандағы ауданы 99 мың шаршы метр болады. Кешен аумағына аэрогидромассажы бар 6 бассейн және 20 сауна мен монша кіреді. Кешен іші әр деңгейлерге бөлінген, сауықтыру бассейні, теңіз бассейні, сондай-ақ, балалар бассейні де қарастырылған. Ең ерекшелігі қысы-жазы ашық аспан астында демалуға мүмкіндік беретін жылу сауықтыру бассейіндері орналасқан.

Аймақ басшысы кешенді аралап-көру барысында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінге іңі ірі жобаның бірі екендігін айтты.

– Облысымызда маңызды жобалардың бірін аяқтадық. Ол «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық кешенінің екінші кезеңі болып саналатын «THERMA PARK» сауықтыру кешенінің жұмысын іске қостық. Өздеріңіз білесіздер алғашқы бөлігін 2017 жылы пайдалануға берген болатынбыз. Оның көлемі 68 мың шаршы метрді құрайд, яғни екі орталықты қосқанда 99 мың шаршы метр болады. Бұл елімізде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына кейінгі өңірлер арасындағы ең ірі кешен болып табылады. Бұл шаралардың барлығы туристердің қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз. Мұнда, 250 кәсіпкер кәсіптерін ашып, 1150 жұмыс орыны құрылды. Кешен ішіндегі қызмет көрсету құны да қолжетімді деп айтуға болады. 1 адам үшін 1 сағат құны 450 теңгеден басталады. Ең бастысы қала тұрғындары мен қонақтарына демалу үшін жағдай жасалған. Жергілікті билік тарапынан осындай жарқын жобалар үшін қолдау әркез болады, – деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Кешен 1600 адамның бір уақытта демалуына арналып салынған. Кешенге келушілер үшін әлеуметтік деңгейі қарастырылған. Қар бөлмесі және мұз бөлмесі сынды бірнеше бөлмелерге бөлінген. Мүгедектер 1 адам басына 450 теңгеден кіре алады. Ал, шексіз лимит құны 3500 теңге деп белгіленген.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Нұржан СМАЙЛОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77