COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

117362

Выздоровевших

133118

Зарегистрированных случаев

5471

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Новости Социум

Қостанайдағы қайырымдылық шаралары

Онда жомарт жүректі жандар мейірімділік танытты

Көпшілікке мәлім, ақпан айының екінші аптасында жалпы Солтүстік өңірде күн аязды болды. Ол адамдардың жүріп-тұруын қиындатты. Сол кездері Елордамыз Астанада «Астана – мейрімді қала» жобасы аясында біраз ізгілікті шаралар жүзеге асырылды.

Осы жобаны үлгі тұтқан облыстық және Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Тегін такси» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Сөйтіп сауабы мол ерекше бастаманың шеңберінде жерлестеріміздің суықтап қалмауы  үшін тоңып тұрған жолаушыларды үйлеріне жеткізіп салу мақсатында қайырымдылық таксилері қызмет көрсетті.

Сондай-ақ тамақтандыру жайы да қаралды. Жаны жомарт жандардың бұл ізгілікті істеріне тінті болған қостанайлықтар қос мешіттің имамдары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77