Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын Бейімбет Майлин ауданы деп қайта атау жөніндегі Жарлыққа қол қойды
Ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі – жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам, – деп жазды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз xатшысы Берік Уәли әлеуметтік парақшасында.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қостанай облысындағы Таран ауданына Бейімбет Майлиннің атын беру туралы Жарлығыakorda.kz сайтында жарияланды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77