Спорт

Қостанайдағы мұз айдындары қала тұрғындары үшін әр демалыс күнідері ашық

Демалыс күндері тұрғындарға арналған мұз айдындары Спорт сарайы мен Мұз аренасында жұмыс істейді.

«Юбилейный» шағын ауданындағы Мұз аренасы күніне төрт сеанс өткізеді, әрқайсысы – 1,5 сағаттан. Алғашқы сеанс 14:00-де басталып, соңғысы 20:00-де аяқталады. Дәл осындай кесте Спорт сарайында да ұйымдастырылған – әрқайсысы 1,5 сағаттық төрт ағым.

– Бармас бұрын алдын ала қоңырау шалу ұсынылады, себебі демалыс күндері жарыстар өтуі мүмкін және сеанстар саны бір-екіге дейін шектелуі ықтимал, – деп хабарлады спорт сарайы әкімшілігі.

Конькиді жалға беру қызметі әр демалыс сайын жұмыс істейді. Баға саясаты тұрғындардың түрлі санаттарына қолжетімді болып қала береді. Биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда баға сәл жоғарылаған.

Тарифтер:

– Ересектер (конькимен бірге) – 2000 теңге
– Ересектер (өз конькиімен) – 1600 теңге
– 16 жасқа дейінгі балалар – 1000 теңге
– 7 жасқа дейінгі балалар – тегін
– Көп балалы отбасылардың мектеп оқушылары (1 және 2 сеанс) – тегін
– Балалар үйінің тәрбиеленушілері (1 және 2 сеанс) – тегін

Жеңілдіктер:

– Мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер – сауықтыру қызметтерінің бағасынан 50% жеңілдік
– 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балалар – тегін
– 3 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар – сауықтыру қызметтерінің бағасынан 50% жеңілдік.

Аяжан СЕРІК, сурет газет архивінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77