Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері, «Құрмет» орденінің иегері, Қостанай облысының бас офтальмологы Жүсіпов Шыңғысхан Зейнелұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты әріптестеріне, жақындарына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Шыңғысхан Зейнелұлы еңбек жолын 1974 жылы Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасының дәрігер-ординаторы болып бастады, 1977 жылдан бастап Қазақстандағы санаулы облыстық офтальмологиялық ауруханалардың бірін сақтап қалуға және табысты жұмыс істеуіне көп күш жұмсады. Ол жоғары санатты офтальмолог дәрігер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы ретінде катаракта, глаукомаға микрохирургиялық микроинвазивті хирургияны, заманауи технологияларды, соның ішінде лазерлік хирургия әдістерін және витреоретинальды хирургияны сәтті енгізді. Дәрігер Жүсіпов 50 жылдай өмірін Қостанай облысындағы офтальмологиялық қызметтің дамуына арнап, жас мамандардың буынына тәлім-тәрбие берді. 1978 жылы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша ашылды. Оның басшылығымен аурухана кеңейтіліп, 1982 жылы ауысымына 250 адам қабылдайтын офтальмологиялық амбулатория салынып, пайдалануға берілді.
Шыңғысхан Зейнелұлы өз кәсібіне адалдығымен, белсенді азаматтық ұстанымымен, кәсіби шеберлігімен, еңбекқорлығымен, ұйымдастырушы ретіндегі дарындылығымен, сөзсіз кәсіби беделімен есте қалды, әріптестері мен емделушілерінің лайықты құрметіне ие болды.
Жүсіпов Ш.З. Қостанай қаласының құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрмет белгісімен, «Парасат» орденімен, адал еңбегі үшін облыс әкімдігінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Еліміздің медицина қауымы ауыр қазаға ұшырады, әріптесіміздің жарқын естелігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
«Көз аурулары Қазақ ҒЗИ» ЖШС
Бас директоры, м.ғ.д. Н.А. Алдашева
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77
