Социум

Қостанайдағы «Zam-Zam» дәмханасы «Халал Даму» сертификатына ие болды

Соңғы кездері халал ас әзірлейтін дәмханалардың саны артып келеді
Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Қостанай қаласында орналасқан «Zam-Zam» дәмханасының ұжымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификатына ие болды

Жиналған жамағат алдында облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы оларға арнайы куәлікті салтанатты түрде табыс етіп, бастаған игі істерінде табыс тіледі.

-Соңғы кездері халал ас әзірлейтін дәмханалардың саны артып келеді. Бұл әрине, қуанышты жағдай. Мұсылман қауымның дәмханаға келіп, ештеңеден сескенбей ас ішуі өте маңызды. Сондықтан адал ас дайындауда талмай еңбек етіп жүрген жандар алғысымыз шексіз,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Осылайша өңірде «Халал Даму» сертификатын алушылардың саны артып келеді. Көпшілікке халал ас әзірлеп отырған дәмханалардың ісіне сәттілік тілейміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77