Қаламызда Наурыз мейрамына арналған «Жаңа күн – Наурыз бастауы» атты интерактивті бағдарлама бастау алды. Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Мирас» фольклорлық ансамблі мен «Damubala» жобасының қатысушылары өз өнерлерін көрсетуде.
Бағдарлама КЖБИ, Орталық, КСК, Юбилейный, Құнай, Аэропорт және Достық шағын аудандарында ұйымдастырылып, жергілікті халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шара барысында ұлттық күйлер орындалып, дәстүрлі билер биленіп, қазақ халқының мәдениеті мен өнері насихатталды.
Бүгін Наурызнама мерекесінің екінші күні – Қайырымдылық күніне арналды. Осыған орай барлық өнерпаздар қала бойынша автобустардың бірнеше бағытына жолға шықты.
– Бүгін біздің әртістер 3, 18, 13, 10 және 103 бағыттары бойынша автобустарға отырып, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Қаланың әртүрлі аудандарын қамтыдық. Жиналған халық ұлттық күйлер мен билерді тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Біздің басты мақсатымыз – қала тұрғындарына Наурыз мейрамының шаттығын сезіндіру. Көңіл-күй сыйлай алдық деп үміттенеміз, – дейді «Мирас» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Валентина Михайловна Степанова.
Интерактивті бағдарлама алдағы күндері де жалғасады. Ұйымдастырушылар әртүрлі аудандарда тағы да мерекелік қойылымдар өткізуді жоспарлап отыр.
Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Абиль ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77