Образование

Қостанайда жыл сайынғы облыстық “Студенттік көктем-2024” фестивалі басталды

Қостанай облысында 2024 жылғы екі күндік “Студенттік көктем” 23-24 мамырда өтеді, оған облысымыздың барлық 6 жоғары оқу орны қатысады

“Студенттік көктемнің” ашылу салтанаты Қостанай облысының барлық алты жоғары оқу орындарын жинады, бұл С. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті,  З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, Рудный индустриалды университеті.

– Барлықтарыңызды осындай үлкен іс-шарада көріп жатқаныма қуаныштымын. Осы екі күн ішінде көптеген сайыстар болады. Өздеріңіздің жоғарғы оқу орындарыңызды таныстырып, оның ең мықты екендігін дәлелдей аласыздар, – дейді Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков.

Салтанатты ашылу Жастар сарайы ғимаратының алдында өтті, онда университеттер қысқа визит картасын ұсынды және өздерін айқын көрсетті. Бұдан әрі спорттың 3 түрінен: Баскетбол мен мини-футболдан спорттық жарыстар басталды, онда жоғары оқу орындарының жігіттері 1, 2 және 3 орындарға таласты. Сондай-ақ, қыздардың қатысуымен волейбол ойыны өтіп жатыр.

– Біз бұл іс-шараға көп дайындалдық. Жоғарғы оқу орнының атынан шығып, жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Барлық командаларға сәттілік, – дейді З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенті.

Ал Жастар бульвары маңайында квест ұйымдастырылған. Ол жерде командаларды түрлі тапсырмалар күтті. Алдымен ойын ережесін түсіндіріп, содан әр университет командалары квестті бастап кетті.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77