Социум

Қостанайлық қалыңдықтар көбіне мәһрге не сұрайды?

Қостанайда мәһр дәстүрі әлі де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Жергілікті имамның айтуынша, көп жағдайда қыздар мәһр ретінде алтын бұйымдарды – сақина, білезік, сырға секілді әшекейлерді сұрайды.

Алайда одан ерекше тілектер де кездесіп жатады.

– Кей жағдайларда мәһр ретінде көлік, пәтер, жылқы, тіпті екі қошқар сұрағандар болды, – дейді Марат имам.

Шариғат бойынша, мәһр күйеу жігітке ауыр жүк болмауы керек, дегенмен оның тым төмен болуы да құпталмайды.

– Шариғатқа сәйкес, мәһрдің ең төменгі мөлшері – екі қошқардың құнына тең. Ақшалай есептегенде бұл шамамен 160 000 теңгеден жоғары, – деп түсіндіреді имам.

Осылайша, мәһр – бұл жай ғана сыйлық емес, күйеу жігіттің болашақ жарына деген құрметінің белгісі.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77