Экономика

Қостанайлық кәсіпкер көк шөп өсіріп, кәсібін өркендетіп отыр

Кәсіпкер Наталья Наконечная “Бастау Бизнес” жобасына қатысып грант ұтып алған

Салауатты салтын ұстанушылар бұл өсімдік көгінің пайдасын әбден біледі. Жас өскіннің ас қорытуға тигізер пайдасы орасан зор. Сонмен қатар, ауыр астан бас тартатындар үшін калориясы төмен болғандықтан, таптырмайтын “тағам” десе де болады.

Өткен ғасырдың соңында Калифорния мейрамханаларында дайын тағамды безендіру үшін қолдана бастаған. Бірте-бірте бұл сәнге айналып, өскіндерге деген қызығушылық арта түскен.

Қостанай қаласының тұрғыны, кәсіпкер Наталья Наконечная көк шөп өсімдігін өсірумен айналысады. Ол бұл жобасы арқылы мемлекеттік “Бастау Бизнес” кәсіпкерлікке оқытатын жобаға қатысып 550 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алған.

– Өзім салауатты өмір салтын қолдайтын жандардың бірімін. Қаладағы сауда орындарынан асқа пайдаланатын ақжелкен, аскөк өскіндерін іздеумен болдым, алайда қыс мезгілінде сөрелерде көп тұрып қалып, құрамын жоғалтып қояды. Сол себепті, балғын және тибиғи болу үшін өсімдік көгін өсірумен айналысуды шетім, – дейді Наталья Михайловна.

Кәсіпкердің айтуынша, Қазақстанда бұл кәсіп түрі өте дамымаған. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында тек өсірумен айналысатындар бар, алайда олар өсіру жолын оқытпайды екен. Сол себептен, Натальяға Қостанайда отырып, Ресейде онлайн түрде 6 ай уақыт өсіру технологиясын меңгеруіне тура келген.

– Ресей қаласынын оқуын үйрететіндерді қарастырдым. Іздегенімді Ресейдің Киров қаласынан таптым. Онда “Семь семина” деп аталатын компаниядан 6 ай уақыт өсіру жолдарын қашықтан меңгердім. Нәтижесінде, жобаны сәтті орындап, мемлекеттен 550 мың теңге көлемінде грант ұтып алдым, – дейді кәсіпкер.

Бұл қаражатты ол өскіндерді топырақсыз өсіретін, яғни, қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісіне мүмкіндік беретін құрылғы сатып алуға жұмсаған. Негізі, қоректік ерітінді жасап, оны өсімдіктерге беретін құрал-жабдықтар қымбатқа түседі.

– Ғимарат ішінен автоматты жарықтандыратын, суаруды да солай жүзеге асыратын құрылғы орнаттық. Құрылғы электр көзімен жұмыс жасайды, бұл адам жұмысын едәуір жеңілдетеді. Ең бастысы температура режимін қалыпты деңгейден асырып, болмаса түсіріп алмай қадағалауда ұстау керек. Бұл өсімдіктер үшін ауа температурасы +18-20 болуы керек. Бөлме ысып кеткен жағдайда желдету әдісі қолданылады. Біз қазір өскіндердің 20-дан астам түрін өсірумен айналысамыз, – дейді Наталья Михайловна.

Ең алдымен өздері тағамдарға қолданған, туыстары баяу сұрай бастаған, кейін байыппен сатылымға шығарған. Қазірдің өзінде сұранысқа ие, өтімі жақсы дейді кәсіпкер.

Жасыл дақылдардың өскіндері 10-14 күнде өсіп шығады, биіктігі 4-5 см болады. Сонымен қатар, өсіру үшін үлкен алаңда қажет емес.

– Балдыркөктердің 20-дан астам түрі бар. Сондай-ақ, бидайдың өскінінің сығындысынан шырын жасаймыз. Ол өте сұранысқа ие болып отыр. Пайдасы да зор, иммунитетті көтереді, барлық асқазан-ішек ауруларына да пайдалы. Несеп жүйесін қалыпқа келтіреді. Егер ас қорыту жүйесінде мәселе туындаса, алдын-алу үшін күніне ашқарынға 30 мг ішу керек. Бұл шырынды ішсе жарты келі көкөніс жегенмен тең. Шырынның 30 миллиграмды текше-текшеге бөліп, мұздатқышта қатырып, бір айлық емделу курсын тағайындаймыз. Күніне 2 текшені сұйылтып, таңертен ашқарынға ішеді. Бір айда 60 текше қолданады, бағасы да 9 мың теңге, қол жетімді, – дейді Наталья Наконечная.

Қазір Наталья құрбысы екеуі кәсіпті дөңгелетіп отыр. Қостанай және Рудный қалаларына жеткізу жасайды. Тұрғындар арасында тұрақты тұтынушылары да бар.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77