Халықаралық InDrive компаниясы әлемдегі қауіпсіздікті жақсарту мақсатында түрлі жұмыстар әзірлеген. Ал оның қолжетімді болуы үшін Beginit бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама арқылы әртүрлі әлеуметтік жоба жасау дағдыларын игеруге болады. Сонын арқасында қоршаған ортаны жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік молая түспек.
Beginit бағдарлама аясында 2024 жылдың қазан айынан бастап Safe Way To School жобасын іске қосты. Аталмыш жоба арқылы қатысушылар мектепке дейінгі аралықтағы жолды зерттеп, туындайтын мәселелерді анықтауы қажет. Сонымен қатар, анықталған проблемаларды шешу жолдарын ұсынады.
Safe Way To School жобасын қорғау мақсатында 6000-нан аса өтінімдер тіркелген. Іріктеу кезеніне қазақстандық оқушылар ғана емес Қырғызстаннан да үміткерлер қатысқан. Осындай озат оқушылардың арасында қостанайлық Нұрасыл Сәлімжанұлы да өз бағын сынап көрді. Ол С.Мәуленов атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы.
– Маған осы жобаның әлеуметтік көшбасшылықты жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасайтыны қызықтырды. Жалпы уақыт шектеуіне байланысты бағдарламамды ойдағыдай жүзеге асыру қиындыққа соқты. Соған қарамастан мен ойдағыдай орындап шықтым. Осы жоба арқылы мен адамдар арасында қарым-қатынас орната білдім. Кездескен қиындықтармен күресіп, қателіктерді түзете алдым. Сондай-ақ, ақпараттарды дұрыс зерттеп, оны жеткізу, және мәселелерді оңтайлы шешу қабілетін игердім, – дейді Нұрасыл Мусаинов.
Болашақта осындай жобаларға қатысу жоспарында бар екен. Аталмыш бағдарламаның жартылай іріктеу кезеңі Алматы қаласында 24-29 наурыз аралығында өтті. Оза шапқан 60-қа жуық қатысушы финалда өз бақтарын сынайтын болады. Сонын ішінде қостанайлық 13 оқушы бар.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті ұсынған кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77