Әлеуметтік желіде ұзақ уақыттан бері түрлі трендтер қалыптастырып келеді. Бір ай бұрын ғана бәрі белсенді түрде дубайлық шоколадты іздеп, талқылап жатты. Енді оның орнын “шайн мускат” немесе “корейлік” жүзім басып алды.
Бұл трендті біздің тұрғындарда іліп әкетті. Блогерлер осы жүзімнің дәмін татып, оны камера алдында көрсетуді белсенді түрде қолға алды. Бірнеше күн бұрын қаламыздың блогері Жанна Тынымбаева бейнежазба жариялады. Ол жүзімді камера алдында дәмін татып, оның кәдімгі жүзімге қарағанда 3 есе қымбат екендігін және өз бағасына тұрмайтындығын атап өтті.
Біз де бұл жүзімнің бағасын білуге тырыстық. Орталықтағы жеміс сататын нүктеде килограммын 3500 теңгеге ұсынады. Бұл жерде сатушы жүзімнің жалған емес, нағыз трендтегі жүзім екендігін және санының шектеулі екенін айтты.
– Оны тез алып кетеді. Әсіресе, жастар бағасына қарамастан жақсы алып жатыр, – дейді жеміс дүкенінің сатушысы.
Орталық базарда да бұл жүзім бар, оның бағасы 4000 теңгеден жоғары. Ал “Апельсин” дүкенінде бір орамасы 4500 теңгеден сатылуда.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77