Біздің Қостанай Социум

Осы жылы А.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының ғимараты күрделі жөндеуден өтеді

«Қала көшелері» жобасының келесі шығарылымы – А.Пушкин атындағы көше жайында болмақ

Бүгін, яғни 6 маусым, ұлы орыс ақыны А.С.Пушкиннің туған күнінде, көптілділік пен мәдени әртүрлілікті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында БҰҰ-да орыс тілі күні атап өтіледі. Пушкин ұлы орыс ақыны, сыншы, драматург, публицист, орыс әдеби тілінің реформаторы.

Пушкин көшесі – Қостанай қаласындағы орталық және көне көшелердің бірі. Бірақ бұл көше туралы ақпарат аз. Тіпті облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы деректерден бұл көшенің өзінің бастапқы атауын сақтаған ескі көше екенін ғана білуге болады. Бірақ мұрағат деректері бойынша, 1902 жылғы Торғай облысының Қостанай қаласының жоспарында бұл көше Арифовтың есімімен аталған.

Н. Здоровецтің «Дельфин» балалар үйінің тарихына қатысты мақаласында ол 1922 жылы Арифов көшесі болғандығы айтылған. Болжам бойынша, көше Пушкиннің есімін кейінірек алды, мүмкін ол 1937 жылы Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай шығар.

2010 жылдың қыркүйегінде Қостанайдың орыс ақыны мен прозашысының есімімен аталатын көшеде Александр Пушкинге ескерткіш орнатылды. Бұл оның есімі көшесінде ғана емес, соның ішінде еліміздің басқа өңірлерінде да көп. Біздің қалада ұзақ уақыт бойы оның шығармашылығын сүйетіндер клубын құрған ақын мұражайы болған. Қазір бұл мұражай қалалық балалар кітапханасында орналасқан. Бір кездері Пушкиннің ұрпақтарының бірі де осында болған.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Әзімжанованың айтуынша, ағымдағы жылы А.С.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының ғимараттына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Пушкин көшесі өз тарихынан басқа, қала тұрғындары мен қонақтарын сол жерде орналасқан көптеген ғимараттарымен, сондай-ақ шағын саябағымен баурап алады. Сонымен қатар, ғимараттардан бөлек, басқа көшелердегі сияқты жеке секторлы, көп қабатты тұрғын үйлер мен қоғамдық ұйымдарға да толы. Қаланың тарихи бөлігінде, орталық ауданында орналасқан Қостанайдың әкімшілік орталығы 20 ғасырдың алпысыншы жылдарының соңында белсенді түрде салына бастады. Қазіргі таңда мұнда қалалық әкімдіктің ғимараты орналасқан. Оның жанында 1963 жылы сәулетші В.Д.Горчинскийдің қатысуымен «Целинная», «Турист»қонақ үйлерінің жаңа ғимараттары салынды. Бүгінгі таңда қонақ үй кешенінің орналасқан жері кәсіпкерлер, шенеуніктер, қоғам қайраткерлері үшін өте ыңғайлы. Сексенінші жылдары қала орталығында ерекше конфигурация тұрғызылды, оның қасбеті пластиктен жасалған 7 қабатты ғимарат, ол халық арасында «кітап»деген лақап атқа ие болды. Бастапқыда мұнда «Целингипрозем» ғылыми-зерттеу институтының зертханалық-өндірістік ғимараты орналасқан (сәулетші Касатов, дизайнер Ю.Нонечный). Қазір Қостанай облысының Ішкі істер басқармасына тиесілі. 1976 жылы Пушкин, 64 мекенжайында дарынды балаларға арналған Қостанай орта мамандандырылған музыка мектебіне арналған типтік ғимарат салынды.

Жалпы осы көшеде орналасқан барлық ғимараттармен танысып жатқан кезде, тұрғындармен де әңгімелестік.

– Пушкин көшесінде отыз жылдай тұрамын. Қала орталығы, оған қоса тыныш жер. Балаларға керек нәрсенің барлығы осы маңайда орналасқан, – дейді тұрғындардың бірі Люмила Павленко.

Сонымен қатар, біз осы көшеден өтіп бара жатқан адамдардан жалпы Александр Пушкиннің кім екендігін сұрастырып көрдік, қуантарлық жайт барлығы орыстың ұлы ақынын таниды, біледі. Аз да болсын мәлімет айта алады.

Әрбір мәдениетті адам үшін 6 маусым күнтізбеде жай күн емес. Орыс классигінің туған күні бір мәдени кеңістіктегі адамдарды біріктіретін ерекше белгі ретінде көрінеді.

Иә, көшелердің де әрқайсысының өзіндік сипаты, өзіндік көңіл-күйі, өзіндік тарихы бар. Біз мұны ұлы ақынның туған күні қарсаңында, оның есімімен аталған көшеде серуендеп, аралай жүріп көз жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда, Пушкин көшесі өзінің географиялық орналасуы бойынша орталық көшелердің біріне жатады. Қалалық әкімдік пен, облыстық сот және екі қонақ үй орналасқан ең көрнекті, әсем көше.

Аяжан СЕРІК,
Суреттерді түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77