Ең бастысы жүректегі иман берік болсын
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.
30 жылға созылған Бірлік пен ынтымақтастық уақытында Қостанай облысында және елімізде діни қатынастар тұрақты дамып келеді, көпұлтты ел болсақ та, өңірде діни құрамдас бөліктен туындаған қайшылықтар байқалмаған.
Жалпы, облыста 105 діни бірлестік жұмыс істейді. Бұл негізінен Қазақстан мұсылмандық діни басқармасы филиалдарының өкілдері – 33 православ, 26 ислам, 41-і протестанттық , 4 католиктік, 9 мисиионерлік және біздегі 1 дәстүрлі емес бірлестік Кришна санасы.
– Жалпы, Тәуелсіздік алғаннан бері діни қарым-қатынастарды дамыту бойынша айта кететін болсақ, діни бірлестіктер санының өсуі байқалады. Таталитарлық режим жылдарында, КСРО жылдарында, әрине, діни бірлестіктер факті бойынша адамдар дінді еркін таңдай алмады, содан кейін Тәуелсіздік алуымен, демократиялық қатынастардың, демократиялық бостандықтардың дамуымен, ҚР Конституциясының, сондай-ақ діни қатынастар қызметінің Заңының енгізілуімен, тұтастай алғанда біздің өңірімізде және елімізде діни қарым-қатынас нығайды. Астанада өтіп жатқан әлемдік діндер съездерінде біздің облыстық дін өкілдері қатысып жүреді. Діни бірлестіктердің барлық басшылары қоғамдық-саяси жағдайға түсіністікпен қарайды, жалпы алғанда, көп нәрсе жамағатқа байланысты екенін түсінеді деп айтқым келеді, – деп бөліседі Қостанай облысының дін істері жөніндегі жетекшісі – Жанболат Үмбетов.
Тәуелсіздік алғаннан кейін бірден үлкен қалаларда мешіттер салына бастады, ең басты жетістік Алматы қаласында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ашылуы болды.
Қостанай қаласында ең негізгі мешіт болып, тарихы терең Марал Ишан мешіті, 1893 жылы салынған бұл мешіт, кейіннен кинотеатр, клуб, эвакуациялық пункт, Қостанай облыстық филармониясының концерт залы ретінде қызмет етті. Бірақ дәл Тәуелсіздік алған жылда, 1991 жылы ғимарат қаланың мұсылман қауымдастығына қайтарылды, жалпы қайта құру жүргізіліп, 2002 жылы мешіт ғалым Марал-ишан Құрманұлының құрметіне аталған. Қазіргі бейбіт уақытта тағы да басқа мешіттер салынып жатыр, соның бірі 2017 жылдың 12 қыркүйегінде салынған Аймағамбет қажы Спанұлы мешіті. Бұл мешіттің ашылуын халық көптен күткен. Қостанай облыстық мешітінің наиб-имамы Балахмет Алишер Ертайұлы айтқандай, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын бүгінгі күнмен салыстыратын болсақ, мешітке келушілердің саны өзгерді, онда жамағаттың жартысынан көбі жастар болып табылатынын айтады. Онымен қоса, мешітте беснамаз оқылып қана қоймай, азан оқып, «Серпін» бағдарламасы бойынша келген студенттерді қабылдау, тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету және медреседе діни қағидаларын оқыту жүргізіледі. Медресе тек студенттер үшін ғана емес, үйренгісі келетін әрбір адам үшін де қолжетімді. Біз сондай-ақ жыл сайын Қостанай қаласында өткізілетін қайырымдылық акцияларға қатысамыз, мысалы: көпбалалы аналарды, жағдайы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, «Мектепке жол» акциясы, бұл акцияға біз жыл сайын балалар үйінен немесе тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды мектеп керек-жарақтарымен, киіммен және т.б. қамтамасыз етеміз. Облыстық деңгейде Құран мен азан оқуға, ақсақалдар арасында бата оқуға, кіші және үлкенге құрмет көрсетуге конкурстар мен іс-шаралар өткізіледі, республикалық деңгейде спорттық іс-шараларға қатысамыз және мешіт халықпен бірге дамып, рухани жағынан өсіп, игі істер жасауға көмектеседі.
Тәуелсіздік орнаған уақыттан бері Қазақстан Республикасында православшіркеулері үлкен рөл атқарады. Кеңес өкіметі кезінде Қостанай облысы аумағында тек 3 ғибадатхана болған, Қазақстан Республикасының барлық дәстүрлі діндермен әрдайым бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатқан кезеңінде православие шіркеулерінің саны өсті. Бұл Қазақстан аумағында Алматы православиелік рухани семинарында білім алған көптеген ғибадатханалардың салынуымен, дінбасылардың санын көбейтумен атап өтілді.
Қостанай қаласындағы ең басты провославиялық шіркеу – Константин мен Елена Соборы. Кеңес заманында қала аумағында Константин мен Еленаның қасиетті тең Апостолдық патшаларының құрметіне аталған кішкентай шіркеу ғана жұмыс істеді. 2002 жылдан 2004 жылға дейін осы ғибадатхананың құрылысы жүргізіліп, 2004 жылы бұл ғибадатхананы салтанатты түрде ашылуы жүзеге асырылды.
Геннадий Бурдюжа – Қостанай және Рудный Епархиясының хатшысы, иеромонах:
– Православие шіркеуінің дамуы кезінде жаңа шіркеулерді жарықтандыру, билік өкілдерінің осы іс – шараларға қатысуы сияқты маңызды сәттер болды. Осы уақыт ішінде мессионерлік қызмет тұрғысынан, әлеуметтік қызмет тұрғысынан көп жұмыс жасалды. Мұның бәрі біздің мемлекетіміздің даналығының арқасында жасалған және біздің құрметті Елбасы айтқандай, Қазақстан Республикасындағы рухани өмір – құс қанаты сияқты, оның бір қанаты ханафи масхабының исламы – бейбіт ислам болса екіншісі православие шіркеуі, – дейді.
Діни нанымдар мен конфессиялардың әртүрлілігі өзара күдікке, кемсітушілік пен қорлауға емес, әр дін мен мәдениеттің бірегейлігін көрсететін өзара қабылдау мен үйлесімділікке әкелуі керек. Діндер үлкен ынтымақтастыққа ұмтылуы керек. Онымен қоса дінге деген аттеистік көзқарысқа да түсінушілікпен қарау, Толеранттылық пен өзара қабылдауды барлық халықтардың бейбіт қатар өмір сүруінің маңызды элементтері ретінде тану. Білім беру бағдарламалары мен әлеуметтік қарым-қатынас құралдары діндер мен мәдениеттерге оң көзқарастар қалыптастырудың маңызды құралы болуы керек.
Анжелика ГРАЧЕВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77