Біздің Қостанай Социум

Отбасылық құндылық-ұлттық тәрбие негізі

Қазіргі әлемде мәдени дәстүрлердің араласуы бірлік пен өзара түсіністіктің ерекше атмосферасын тудыратын интернационалды отбасылар көп

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде интернационалдық және конфессияаралық некелер жиі кездеседі. Сондықтан ене мен келіннің қарым-қатынасы, басқа ұлт өкілі қазақ отбасына келін болып түсуі өзекті тақырып болып табылады. Көптеген адамдар әлі күнге дейін мұсылман отбасына кірген қыз ескі дәстүрлерді қатаң құрметтеуге және күйеуінің ата-анасына барлық жағынан бағынуға міндетті деп санайды. Солай ма?

Тәжірибе көрсеткендей, бүгінде қалыптасқан стереотиптер құрметтің көрсеткіші емес, некені бұзудың тағы бір себебі болып табылады. Өйткені, көбінесе ерлі-зайыптылар қазіргі шындықта өмір сүруге тырысады, ал келіндер күйеуінің отбасында қабылданатын заңдар мен дәстүрлерді білмейді. Алайда, ондай отбасылар арасында түсінушілік, алдын-ала осындай жайтқа дайын болатын адамдар да бар.

Мұндай кішкентай мемлекеттің бірі  “Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы” ММ “Қоғамдық келісім”КММ басшысы Наталья Рамазанованың отбасысы.

Бұл отбасында – күйеуі қазақ, ал өзі-басқа мәдени топтың өкілі, яғни орыс болып табылады. Көптілділік пен көпмәдениеттілік басым болатын көп қырлы, көпұлтты Қостанай облысында олар осы алуан түрліліктің типтік мысалы. Отбасы әрқашан ер адамның отбасының басшысы екенін түсінеді, бірақ сонымен бірге басқа мәдени топтардың дәстүрлері де сақталады.

Ұзынкөл ауданынан шыққан күйеуі тілдік ортаның ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік тілді толық меңгермеген. Алайда, екі тілде отбасында белсенді қолданылады. Әсіресе ана үшін балаларының мемлекеттік тілді үйренуі маңызды.. Бұл балабақша мен мектепті таңдауға негіз болды.

– Мен әрқашан балаларымыз үшін уайымдайтынмын. Олар дүниеге келгенде, олар бақшада мемлекеттік тілде оқитын болады деп шешілді. Бұл менің өмірімді жеңілдетіп қана қоймай, болашақта оларға артықшылық береді, – дейді анасы Наталья.

Осылайша, балалар мемлекеттік тілдегі балабақшаға барып, кейін орыс тілді мектепті таңдады, өйткені бұл мектептің үйдің қасында орналасқындығы ыңғайлы болған.

 – Мектепте орыс тілінде оқыса да, Руслан партаға алғаш отырған кезде, сөздердің жартысы мемлекеттік тілде айтатын. Мысалы “яблока” деп айтқаннан гөрі, “алма” деп айту олар үшін оңайырақ. Дәл сол сияқты “волосы” дегеннен гөрі “шаш” деп айту деген сияқты, кейбір сөздерді қазақ тілінде айту жеңіл. Күнделікті қолданыстағы сөздерді жақсы біледі, – деп түсіндірді анасы.

Отбасылық құндылықтардың маңызы

Отбасылық құндылықтар әр отбасы мүшесінің жеке басын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл отбасында балалар қазақтың да, орыстың да әдет-ғұрыптарын сіңірген, оларға ата-бабаларының мәдениетін жақсы түсінуге және құрметтеуге көмектеседі. Отбасы екі мәдениетке де тән әдет-ғұрыптарды белсенді қолданады, қазақ дәстүрлерін сақтай отырып, балаларға “қырықтан шығу” және “бесікке салу” салт-дәстүрлерін жасаған.

Мәдени айырмашылықтар және олардың көрініс

Мәдени айырмашылықтар тек тілде ғана емес, күнделікті өмірде де көрінеді. Біздің ауданда ” сәлем салуы “болған жоқ, бірақ Наталья “келін шай” сияқты барлық дәстүрлерді сақтай отырып, орамалмен жүрді. “Беташар” сияқты үлкен мерекелер ұйымдастырылмады, дегенмен маңызды сәттер сақталды. Күйеуі әскери қызметкер, ол көбінесе іссапарда болады, бұл отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруды қиындатады, өйткені күйеуінің туыстарының көпшілігі алыс жерде тұратындығын айтып түсіндірді.

Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер әр отбасы мүшесінің жеке басын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жағдайда балалар қазақтың да, орыстың да әдет-ғұрыптарын сіңіреді, бұл оларға ата-бабаларының мәдениетін жақсы түсінуге және құрметтеуге көмектеседі.

Діни аспектілер

Отбасында діни әртүрлілік бар. Анасы – православ, күйеуі мен балалары – мұсылман дінің ұстанады.

– Еш қиындықсыз біз пасха мен айтты тойлаймыз, – дейді анасы.

Әр түрлі діндерге қарамастан, отбасы екі діннің дәстүрлерін құрметтейді және ұстанады. Анасы православиелік сенімін сақтай отырып, мешітке барудың ешқандай жамандығы жоқ екендігін, сонымен қатар шіркеуге де бара алатындығын айтып өтті.

Бұл жайында біз екі жақтан да сұрап көрдік. Ең алдымен мешіт имамы Данияр Манарбекұлы.

– Интернационалды отбасы ішінде мұндай көрініс біздің облысымызда көп кездеседі. Әрине, шариғат бойынша олай болмайды. Мұсылман дінің ұстанғандар басқа діннің мерекелерін тойлай алмайды. Дегенмен де бұл отбасы өзі шешетін жағдай, сондықтан олардың таңдауы екендігін, – атап өтті.

Ал Қостанай қаласының Константин-Еленин кафедралды соборының діни қызметкері Виталий Клеба да ұқсас жауап берді.

– Әрине, барлық мерекелерді тойлай алады, бастысы дінге терең енбеген болса. Интернационалды отбасы ішінде екі адамның қандай да бір жағынан үстемдік болмауы керек. Ең бастысы бір-біріне деген махббат және түсінушілік. Егер біреу дінге қатты қызығушылық таныта бастаса, онда әрине мәселе туындауы мүмкін. Сонымен қатар балаларды бір немесе басқа дінді таңдауға мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Мәдени деңгейде барлық мерекелерді атап өтуге болады, өйткені біз зайырлы мемлекетпіз, – деп жауап берді.

Оқыту және тіл

Анасы 15 жасынан бастап қазақ тілін үйрене бастады және оны өмірдегі келешек үшін маңызды деп санайды. Отбасында орыс тілі басым болғанымен, балалар қазақ тілін еркін түсінеді және қолдана алады. Бұл ретте мемлекеттік тілде оқытатын балабақша мен мектеп маңызды рөл атқарады.

– Бүгін қоршаған ортадағы адамдар балаларды қай тілде балабақшаға, мектепке берген дұрыс екендігін сұрайды, мен әрқашан кішкентай балаларды мемлекеттік тілде оқытылатын бақтарға беру керек деп айтамын. Өйткені үй ішінде, тіпті аулада да балалардың көбі орыс тілінде сөйлейді. Ал қазақ тілін біліп, үйренетін жер осы мектеп пен балабақша,-деп атап өтті анасы.

Наталья Рамазанова кішкентай кезінен бастап қазақ тіліне, ұлттың әдет-ғұрыпына қызыққан. Оқуға түскен сәтте де қазақ тілін таңдаған. Топтастарының ішінде оңтүстіктен келгендер көп болды.

– Туыстары ұлттық тағамдарды беріп жібергенде барлығы тобымыздағы жалғыз орыс қыз ғой деп оған да алып келетін. Сол кезде құрт, сүзбе және тағы да басқа ұлттық тағамдар жайында білдім, – дейді Наталья.

Тіпті, жақын құрбысы Әулиекөл ауданынан болған. Ол тәтесінің баласының тұсауын кесу үшін ала жіпті өзі өрген. Осы кезде Натальяда қызығып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді тереңірек біле бастады. Бұл қазақ ұлтының жігітіне тұрмысқа шыққанда көп қиындық тұдырмады. Өйткені оған дейін де жалпы ұлттың мәдениеті мен ішкі атмосферасын білген. Сонымен қатар күйеуінің әжесі оны бірден қызы ретінде қабылдып, отбасыға сіңісіп кету жеңіл болды.

– Қазір үйде бешбармақ жасау, борщ немесе басқа тағамдарды жасаудан әлде қайда жеңіл. Соғым алып, ішек, қарын барлығын қолмен тазалаймыз, – дейді.

Алайда, отбасылық дәстүрлер тек аспаздық қалаулармен шектелмейді. Балалардың тілдік және мәдени ортада өздерін жайлы және сенімді сезінуі үшін екі мәдениеттің арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Бұл отбасы әртүрліліктің күш бола алатындығының айқын мысалы болып табылады. Олар өз өмірін құрметке, төзімділікке және мәдени мұраға деген сүйіспеншілікке негіздейді. Олардың тарихы бізді көпмәдениетті қоғамды тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен қатар басқа мәдениеттер мен дәстүрлерді бағалауға және қабылдауға шабыттандырады.

Нәтижесінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер үйлесімді және құрметті қоғамның негізін құра отырып, ұлттық тәрбиенің негізіне айналады.

Аяжан СЕРІК,

суретті ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77