Социум

“Отбасын қолдаудың мемлекеттік шаралары, бағдарламалар” семинары өтті

«Жанашыр бол» қоғамдық қоры “Отбасын қолдаудың мемлекеттік шаралары, бағдарламалар” тақырыбында Отбасы банк қызметкерлерімен бірлесіп, «АБЗ плюс» жұмысшыларына арналған түсіндірме жұмысын өткізді.

Семинар барысында үй алуға арналған бағдарламалар туралы ақпарат берілді, атап айтқанда, “Арманға жол” және “Наурыз” бағдарламалары жайында толық түсініктеме жасалды.

– Бұл бағдарламалар биыл алғаш рет іске қосылды. Олар жылжымайтын мүлігі жоқ адамдар үшін арналған. Яғни, отбасында ешкімнің жылжымайтын мүлігі болмауы керек. Өтінім беру, конкурсқа қатысу және жылжымайтын мүлікті таңдау қажет. Бұл процесс үшін 6 ай мерзім беріледі, – дейді Алия Мнашева, Отбасы банкінің кеңесшісі.

Естеріңізге сала кетейік, “Отау” және “Наурыз” ипотекалары – биыл іске қосылған жаңа бағдарламалар. Екі бағдарламаның басты шарты – қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) бес жыл бойы жеке тұрғын үйінің болмауы. Ставка – әлеуметтік кезекте тұрғандар үшін 7%, қалғандары үшін 9%. Бастапқы жарна – 20%, ал 1 млн теңгеден жинақталған депозиттің болуы міндетті. Бастапқы (ірі қалалар мен облыс орталықтарында) және қайталама тұрғын үйлерді (моноқалаларда, облыстарда) сатып алуға болады. Сондай-ақ, тұрғын үйді тек Отбасы банкінің сайтында қарастыруға болады. Егер сіздің қалаңызда пәтерлер болмаса, басқа жерден сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Банк кеңесшілері барлық бағдарламалар бойынша жеке түсіндірмелер берді. Қызметкерлер семинар барысында өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды, мысалы: «Қандай құжаттар қажет?», «Кімге хабарласуға болады?» деген сияқты.

Семинар “Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” ММ-нің “Жастар арасында қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау” жобасы аясында өтті.

Аяжан СЕРІК,
сурет видеодан алынған


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77