Социум

Әр істің қайырымы бар екенін ұмытпайық

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары игілігі мол іске атсалысты

Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академсиясының курсанттары еріктілермен бірге ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізуге көмектесті.

Республикалық «Халық» қайырымдылық қорының науқаны бір апта бойы жалғасуда. Жеті күн бойы еріктілер облыс орталығында және жақын маңдағы елді-мекендерде тұратын отбасыларға 1000 азық-түлік себеттерін жеткізуі керек еді.

Жастар ресурстық орталығының еріктілер секторы басшысының міндетін атқарушы Сымбат Манатованың айтуынша, бұл істе академия курсанттарының көмектері өте маңызды болған.

-Олар бізге 50 келілік себеттерді өлшеп-орап тиеуге, сондай-ақ межелі жерге жеткізуге көмектесті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымшыл командамыздың арқасында біздің жұмысымыз үйлесімді болды. Әр адам бір ортақ іске өз үлестерін қосып жатқанын түсінді, – дейді ол.

Академия курсанттары көмек қолын созған отбасылардың балалары мен ата-аналарының жүздеріндегі қуанышты байқауға болады. Болашақ полицейлерге олар өздеріне көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

-Біздің академияда 2 жылдан бері еріктілер клубы жұмыс істейді. Олар қыс уақытында жалғыз басты қариялардың ауласын қардан тазартады. Сонымен қатар «Дельфин» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің киім-кешектерін жинасыуға қолғабыс етеді. Мүмкіндігінше сыйлықтар сыйлап тұрады, – дейді академияның баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова.

«Қайырымдылық – ұлы іс». Қиналған жанға қол ұшын беру кез-келген жанның парызы болса керек. Сондықтан әр істің қайырымы бар екенін ұмытпайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77