Культура

ҚР Тәуелсіздігі кезеңі ескерткіштері бойынша фотосаяхат ұйымдастырылды

Шараға қатысқан жастар өңіріміздегі тарихи ескерткіштерді суретке түсірді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай қаласында ҚР Тәуелсіздігі кезеңі ескерткіштері бойынша фотосаяхат ұйымдастырды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының студенттеріне монументалды ескерткіштер бойынша Өңірлік тарихты ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Эльвира Котова экскурсия жүргізді.

Аталмыш шараға қатысушылар туған жердің аса көрнекті танымал адамдарының ескерткіштерінің тарихы туралы егжей-тегжейлі мәлімет алып, бірегей нысандарды суретке түсіру бойынша кәсіби фотограф Георгий Шаповаловтан шеберлік сабағын алды.

– Біз бұл фототур аясында Тәуелсіз 30 жыл ішінде өңірімізде ашылған ескерткіштерді аралап шығуды мақсат еттік. Осы бастамаға қатысқан жастар өздеріне тың мәліметтер алып, көркем, тарихи жерлерді қалай дұрыс суретке түсіруге болатынын үйренді. Фототурға арнайы шақырылған фотограф Георгий Шаповаловтың өз ісінің нағыз маманы екені баршаға белгілі. Осындай білікті де тәжірибелі жанмен кездескен жастар фотоға түсірудің қыр-сырын үйреніп, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алып, білім көкжиектерін кеңейткендері үшін алғыстарын білдірді, – дейді шараның ұйымдастырушысы Эльвира Котова.

30 жылда ел жаңа. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз ауыз толтырып айтырлықтай жетістіктерге жетті. Өңіріміз де қарыштап дамып, көркейіп келеді. Осынау өзіміз ғұмыр кешіп жатқан өлкенің сәні кез-келген жанды баурап алады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77