Ораза тек Ислам әлеміне тән ғибадат емес. Ол барлық діндерде бар
Мұны да Құрандағы “Әй, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Әрине тақуа иесі болу үшін». (Бақара,183) деген аяттан көреміз. Адам баласы тарихының басынан бері барлық пайғамбарлардың ораза ұстағаны және жер бетіне келген барлық дінде ораза болғаны анық. Одан кейінгі үдерісте түрі, мерзімі және қағидалары өзгерсе де, христиандықта ораза шіркеудің үш әмірінің бірі. Иудейлікте де кейбір күндері ораза ұсталады.
Ардақты Алла Елшісі (c.ғ.с.) Рамазан туралы өз хадистерінде: «Рамазан Мүбәрак ай. Ол айда Алла тағала сендерге ораза ұстауды парыз етiп, жәннат есiктерiн айқара ашып, тозақ есiктерiн тарс жауып, жын-шайтандарды кiсендеп қойды. Ол айда мың айдан қайырлы түн бар» (Имам Насаий), – делінген. Сондай-ақ, басқа хадисте: «Кiмде-кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса және Қадір түнін шын иман және ықыласпен сауап үмітінде өткізсе, оның бұрын iстеген күнәлары кешiрiледi», – делінеді.
Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: «6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні», – деген шешім қабылдады.
- Демек, биыл, яғни 2019 жылы Рамазан айы – 30 күн. 6-мамыр қасиетті Рамазан айының 1-ші жұлдызы.
- Мамырдың 31-нен маусымның 1-не қараған түн (26-27 Рамазан) қасиетті – Қадір түні.
- Сәресі ішу ( сағат 2:00-3:43)таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.
Әр күннің оразасы үшін жеке-жеке ниет ету қажет.
Ораза ниеті: «Алла ризалығы үшін таңнан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
- Ал, алғашқы күнгі ауызашар уақыты Қостанай қаласы бойынша 21:27. Ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде құрмамен немесе сумен және т.б.тағаммен ашу керек.
Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдынғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре гөр!»
- Тарауих намазы 5-мамырдан бастап, құптан намазынан кейін оқылады, одан кейін үтір уәжіб намазы жамағатпен оқылады.
- Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша пітір садақасының құны – 300 теңге.Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, айт күніне дейін беруге болады. Бірақ бірінші он күндігінде берген сауапты. Пітір садақасы – адам болып жаратылғанымызға шүкіршілік ету және мол сауапқа кенелу мақсатында берілетін Рамазан айына тән садақа. Оның шарттары: мұсылман болу, еркін болуы және нисап мөлшеріндегі байлыққа ие (85 г. алтын) болу. Пітір садақасы дүние-мүліктің емес жан басының садақасы болғандықтан, зекеттегі сияқты негізгі қажеттілігінен артық дүние-мүлікке бір жыл толуы шарт емес. Пітір садақасы Рамазан айы алғашқы күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін беріледі. Алайда, Рамазан айының соңғы күндерінде бергені абзал. Пітір садақасы зекет берілетін адамдарға беріледі. Пітір садақасын жетім-жесірлерге, мұқтаж жандарға және білім жолындағы студенттерге де беру үлкен сауап болып саналады. Сондай-ақ, ауылдық, аудандық және қалалық мешіттерге беріледі. Десе де, аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде халықтың пітір садақасынан түскен қаражат оның коммуналдық, басқа да шығындарын өтеу мақсатында жұмсалатындығын ескерсек, тұрғындардың пітірді жергілікті жеріндегі мешіттерге бергені абзал.
- 5-маусымсәрсенбі күні – Ораза айтмейрамы басталады. Айт намазы Қостанай облысы бойынша барлық мешіттерде сағат 30-даоқылады.
Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрім Жер бетіне түсіріле бастаған ай болып табылатын Рамазан айының бүкіл әлемге жақсылық алып келуін тілеп, бүкіл Ислам әлемін осы маңызды аймен құттықтаймыз.
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77