Социум

Рамазан – тәрбие және тағылым айы

Отыз күн ораза берекелі болғай

Құрметті ағайындар және бауырлар! Баршаңызды алда келе жатқан қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын. Ол әрбір шаңыраққа молшылық пен ырыс-береке алып келсін!

Сіздердің естеріңізге үстіміздегі жылғы Ораза сәуірдің 2-сі күні басталатындығын салғым келеді. Өңіріміздегі күллі мұсылман қауымы оған жан-жақты дайындық жасап жатқандығы белгілі.

Биыл Тарауық намазы барлық мешіттерде оқылады. Сонымен қатар мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда көпшілік жиналған жерлерде ауыз ашар беріледі.

Қасиетті Рамазан-тәрбие және тағылым айы болып саналады. Бұл айда қайырымдылық пен сауаптың өмірімізде алар орны ерекше. Сондықтан оған айрықша назар аударғанымыз орынды.

Оразаларыңыз қабыл болсын, ұстаған жан!

Бахытбек Тәжімбет, 

Қостанай облыстық мешітінің Бас имамы

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН ОРАЗАСЫ МЕН НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Миләди 2022 жыл – Һиджри 1443 жыл

(Қостанай қаласы үшін)

Сәуір Апта

күндерi

Таң намазы

(Ауыз бекіту уақыты)

Күннің

шығуы

Бесін

намазы

Екiндi намазы Ақшам намазы

(Ауыз ашар уақыты)

Құптан

  намазы

1 Жұма 05:39 07:15 13:54 18:20 20:25 22:01
2 Сенбі 05:36 07:12 13:54 18:21 20:27 22:03
3 Жексенбі 05:34 07:10 13:54 18:22 20:29 22:05
4 Дүйсенбі 05:31 07:08 13:54 18:24 20:30 22:08
5 Сейсенбі 05:28 07:05 13:53 18:25 20:32 22:10
6 Сәрсенбі 05:25 07:03 13:53 18:26 20:34 22:12
7 Бейсенбі 05:22 07:01 13:53 18:27 20:36 22:15
8 Жұма 05:19 06:58 13:52 18:29 20:38 22:17
9 Сенбі 05:16 06:56 13:52 18:30 20:39 22:19
10 Жексенбі 05:13 06:53 13:52 18:31 20:41 22:22
11 Дүйсенбі 05:10 06:51 13:52 18:33 20:43 22:24
12 Сейсенбі 05:07 06:49 13:51 18:34 20:45 22:27
13 Сәрсенбі 05:04 06:46 13:51 18:35 20:47 22:29
14 Бейсенбі 05:01 06:44 13:51 18:36 20:48 22:32
15 Жұма 04:58 06:42 13:51 18:37 20:50 22:34
16 Сенбі 04:55 06:40 13:50 18:39 20:52 22:37
17 Жексенбі 04:52 06:37 13:50 18:40 20:54 22:40
18 Дүйсенбі 04:49 06:35 13:50 18:41 20:56 22:42
19 Сейсенбі 04:46 06:33 13:50 18:42 20:57 22:45
20 Сәрсенбі 04:43 06:31 13:49 18:43 20:59 22:48
21 Бейсенбі 04:40 06:28 13:49 18:45 21:01 22:50
22 Жұма 04:37 06:26 13:49 18:46 21:03 22:53
23 Сенбі 04:34 06:24 13:49 18:47 21:05 22:56
24 Жексенбі 04:30 06:22 13:49 18:48 21:06 22:59
25 Дүйсенбі 04:27 06:20 13:48 18:49 21:08 23:01
26 Сейсенбі 04:24 06:18 13:48 18:50 21:10 23:04
27 Сәрсенбі 04:21 06:15 13:48 18:52 21:12 23:07
28 Бейсенбі 04:17 06:13 13:48 18:53 21:14 23:10
29 Жұма 04:14 06:11 13:48 18:54 21:15 23:13
30 Сенбі 04:11 06:09 13:48 18:55 21:17 23:16
Апрель Дни недели Фаджр Восход солнца Зухр Аср Магриб Иша

ЕСКЕРТУ:

  • 02-сәуір қасиетті Рамазан айының 1-ші жұлдызы.
    1. Сәресі ішу таң намазына 15-20 минут қалғанда тоқтатылады!
    2. Сәуір айының 27-нен 28-не қараған түн – «Қадір түні».
    3. Ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде құрмамен немесе сумен ашуға болады.
    4. Тарауих намазы 01-сәуірден бастап, жергілікті мешіттерде жамағатпен бірге құптан намазынан кейін оқылады.
    5. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, айт күніне дейін беруге болады. 2022 жылыдың «пітір садақасы» 500 теңгеге келісілді.
    6. Ораза ұстауға шамасы келмейтін қарт адамдар және ауыз бекітуге болмайтын созылмалы дерті бар кісілер, оразаның әр күніне мұқтаж жандарға фидия садақасын төлейді. Фидия садақасының құны – 3 000 теңге. Егер дәулеті болмаса, фидия садақасын да төлемейді.
    7. 02-мамыр дүйсенбі күні – Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Қостанай облысы бойынша барлық мешіттерде сағат 07:30-да оқылады.
    8. Оразаға ниет: «Алла Тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».
    9. Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре гөр».

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77