Социум

Құрбан айт 6 маусым – жұма күніне сәйкес келеді

Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 6 маусымға – жұма күніне түсіп отыр. Бұл күн Қазақстанда ресми түрде демалыс күні болып саналады.

Бұған дейін Құрбан айттың алғашқы күні 7 маусым, яғни сенбіге сәйкес келеді деген ақпарат тараған еді. Сол себепті қосымша демалыс күні белгіленбеген болатын. Алайда ҚМДБ биылғы Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым деп нақтылады. Осыған байланысты қазақстандықтар жұма күні демалады.

Құрбан айт – мұсылмандардың маңызды діни мейрамдарының бірі. Бұл күні айт намазы оқылып, құрбандық шалынып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі.

Аяжан СЕРІК,
сурет архивтен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77