События

Құрбан айт – қайырымдылық мерекесі!

Басқарма ұжымы 9 жасар Бағдат Мұқышевқа қуаныш сыйлады

Құрбан айт адамдарды кеңпейілділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеп, ізгілікке жетелейтін мереке. Осы ретте Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұжымы Құрбан айт мерекесі қарсаңында өзара ұйымдасып, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасады. Осындай жандардың ішінде ата-анасынан ерте айрылған 9 жасар Бағдат Мұқышев пен оның Ләззат есімді әжесі де бар.

Аталмыш басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменованың айтуына қарағанда, олар ұжым болып жыл сайын Бағдат Мұқашевқа көмек қолын созады екен. Жатақхананың аядай ғана бір бөлмесінде тұратын жетім бала мен оның әжесіне биылғы Құрбан айтта азық-түлік салынған дорбаны тарту еткен. Мейірімді жандардан сыйлық алған Бағдаттың қуанышында шек болмапты.

Міне, Құрбан айт айналаңдағыларға мейіріммен қарап, қайырымдылық танытып, ізгілік көрсететін мереке. Мұсылман халқы ешқашан бір-бірін қиындықта, жоқшылықта қалдырмаған. Сондықтан олар көмекке зәру жандарға қолынан келгенше көмектесіп отырған. Осындай кеңпейілділікке, адамгершілікке, бауырмалдыққа жетелейтін бұл мейрамның қоғамымызда алар орны ерекше.

Ендеше қайырымдылыққа толы Құрбан айттан Құрбан айтқа аман-есен жете берейік!

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77