Социум

Рейдтік шара: Карантин талаптарын бұзушылар тыйылмай отыр

Талапты өрескел бұзған нысан иелері айыппұл арқалайды

Қостанай өңірінде соңғы аптада коронавирус індетінің күрт өскені байқалады.

Сол себепті бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай карантин режимі қатаңдатылды.

Жексенбі күні мониторинг тобы жеті топқа бөлініп, рейдтік шараға шықты. Осы жолы арнайы топ мүшелері тойханалар мен мейрамханаларға бас сұқты.

Жеті топқа бөлінгендерге қаланың бөліктерін тексеру міндеттелді. Біздің топ Қостанай-2 ауданын тексерді. Алғашқы болып аталмыш ауданда орналасқан «Астам» тойханасына барған топ мүшелері, мейрамхананың жабық екеніне көз жеткізді.

Жақын маңда орналасқан «Агдам» кафесіне кіргенімізде ондағы қызметкерлердің қолғапсыз және бетпербесіз жүргенін байқадық. Мониторинг тобын көрген қызметкерлер, бірден бетперделерін тағуға талпынды, алайда тым кеш еді. Полиция қызметкері кафе әкімшісінен және даяршысынан жауап алып, хаттама толтырды.

– Біздің кафенің жабылуына жарты сағат қалған болатын. Біз нысан иесін күтіп отырғанбыз, сол себепті бетперде мен қолғапты шешіп тастадық, – деп ақталды кафе әкімшісі.

Одан соң «Ханзада» мейрамханасына барды. Нысан күзетшісі құлыптаулы дарбазаны ашып, екі-үш адамды шығарып салып жатты, сол тұста топ мүшелері де барып қалды. Алайда, екінші күзетші тойхананы есігін іштен тектеп үлгеріпті. Сыртта қалған күзетші тойханада ешкімнің жоқ екенін айтты. Топ мүшелері көз жеткізуіміз керек деп тұрып алды. Ақырында, артқы есікті ашып ішке енуімізге мүмкіндік туды. Неге есік ашпағандарын білмейміз, айтқандай тойханада ешкім жоқ болып шықты. Тек қызметкерлері ғана жүр екен.

Тойханадан шыққан топ мүшелері, «Beer Fish» сыраханасына барды. Сыраханаға енген топ мүшелері табалдырықта ди-хлорға малынған шүберектің немесе арнайы кілемшенің жоқ екенін аңғарды. Оның сыртында арақашықтық белгілері де белгіленбеген болып шықты.

– Арақашықтық белгілері болған, алайда келушілердің септігінен өшіріліп қалған. Біз алдағы уақытта жаңартып сызып қойатын боламыз, – деді сырахана қызметкері.

Алайда мониторинг тобының мүшесі бұндай уәждің қабылданбайтынын жеткізді. Талап бойынша келушілер көп болғандықтан сырахана әкімшісі әлсін-әлсін тексеріп отыруы керек екендігін айтты. Сырахана қызметкерлеріне хаттама толтырылып жауап алынды, ал иесіне айыппұл салуынуы мүмкін, іс сотқа кететін болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77