COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

114821

Выздоровевших

128400

Зарегистрированных случаев

4975

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Новости События

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісіне Қостанай облысының әскери қызметшілерінің жерленген жерінен қалта (кисет) табысталды

Бұл, бір уыс топырақ, Мәскеуде тұрғызылғалы жатқан Ресей Федерациясының қарулы күштерінің негізгі ғибадатханасының іргетасы болмақ

Қалтаны беру ресейлік «Естелік жолы» ауқымды жобасы аясында өтті. Қазіргі уақытта Ресейде «Патриот» тарихи-мемориалдық паркінде «Естелік жолы» мемориалды галереясы құрылуда.

Негізгі аумақ 1418 қадаммен белгіленген – бұл сандар сұрапыл соғыс жамаған күндер мен түндер. Мұнда 30 миллионнан астам соғыс ардагерлерінің фотосуреттері, олар туралы мәліметтер, жеке заттар мен майдан хаттары сақталады. 2020 жылғы 9 мамырда ауқымды кешеннің аумағында басты Жеңіс ғибадатханасы салтанатты түрде ашылады.

– Жылдар өтіп, ұрпақ ауысады, бірақ Ұлы Отан соғысының оқиғалары жадында мәңгі сақталып, адамдардың жүрегін толқытады. Бұл жобаның негізгі маңыздылығы – біз соғыс кезінде үйге оралмағандарға құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ, осыған ұқсас ауқымды жобалар біздің екі ел арасындағы бірлікті нығайта түседі, – деді қала әкімі Қайрат Ахметов.

Қалтаны (кисет) Қазақстандағы Ресей елшілігінің үшінші хатшысы Даниил Лапач қабыл алды. Ол, топырақ тапсыру шарасы «Естелік жолы» жобасы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол құрметті де жауапты істі орындады. Ұлы Отан соғысына қатысқан Носен Иманолиновқа Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен қол қойылған «Ерлігі үшін» медалін, батырдың ұлы мен немересіне салтанатты түрде табыстады.

– Ресей Федерациясының Елшілігі жергілікті әкімдіктермен және ардагерлер ұйымымен тығыз байланыста. Қапыда қайтыс болған жауынгерлердің туыстарына медалдар табысталып, өкінішке қарай осындай марапаттарға ие бола алмаған батырларға тағзым жасайды. Ресей, Қазақстан сияқты өз батырларын құрметтейді, қастерлейді, – деді Даниил Лапач.

Батырдың туыстары және ардагерлер мен жиынға жиналғандар маңызы зор құжатты қабыл алу барысында көздеріне жас алып, тебіреніп кетті.

– Мен қатты толқып тұрмын. Өзім Германияға барып, әкемнің жерленген жерін таптым. Менің әкем 1945 жылы 30 сәуірде қайтыс болған екен. Жеңіс күніне 9 күн қалғанда өмірден өтіп кетті. Жаратушы ием соғыстан аулақ етсін. Біздің балаларымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүрсін, – деп ішкі толғанысымен бөлісті батырдың ұлы Сапар Иманолинов.

Қаралы жиын соңында «Мәңгілік алау» орнатылған жерге жиналғандар гүл шоқтарын қойды.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77