Біздің Қостанай События

Республикалық бәйге Қостанай маңындағы «Арғымақ» ипподромында өткізілді

Қостанайда Жүсіпов Оразғали Зейнел – Ғабиденұлын еске алу құрметіне ораз бәйге жарысынан республикалық ашық турнирі өткізілді

Қатысушылар облысымыздан ғана емес, сонымен қатар Астана, Семей, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе қалаларынан келді. Тіпті, көрші тұрған Ресей Федерациясы, Магнитогорск қаласынан келгендерде болды.

– Ініміздің өмірден өткеніне 5 жыл болуына орай ас беріп, республикалық бәйге өткізіп жатырмыз. Оразғалидің жақсы көретін спорт жарысы. Інім баяғыда өзі бастап, өмірден кеткенге дейін ел бойынша қатысып тұрды, – дейді Оразғали Жүсіповтың ағасы Шыңғыс Жүсіпов.

Жалпы бәйге үшке бөлінді. Біріншісі құнан бәйге, 6 шақырым, 3 айналымға 19 қатысушы қатысты. Ал екінші топ бәйге, 10 шақырым, 5 айналымға 30 қатысушы қатысса, үшінші аламан бәйгеге, яғни 20 шақырым, 10 айналымға 20 адам қатысты.

“Құнан бәйге” жарысы бір деммен өткізіліп, бірден жеңімпаз кім болатындығы анық болды. 1 орынды, яғни дөнеңді жеңіп алған 66 нөмірдегі «Гаити» атты сәйгүлік мінген Николай Гарбунов Магнитогорск қаласының шабандозы, ал екінші орынды 25 нөмірдегі «Қарагер» Қостанай қаласының сәйгүлігі, ал үшінші орынды Жүсіповтар әулетінің шабандозы жеңіп алды. Алайда, ұйымдастырушылар оны төртінші болып келген 14 нөмірдегі «Бесқара» атты сәйгүлікке беруді жөн көрді.

Оразғали Жүсіпов Қамысты ауданы Бестөбе ауылының қала құраушы кәсіпорны болып табылатын «Бестөбе -2» ЖШС директоры болды. Өмірінің соңына дейін бәйгелерге қатысып, 60 – тан астам автокөлік ұтып алған.

Ал екінші жарыс “Топ бәйге” бойынша тартылыс байқалды. Бірінші болып келе жатқан Абай облысынан келген «Золотой» атты сәйгүлік соңғы кезде артта қалып, үшінші орынды иеленді. Екінші орынды Ақтөбе қаласының «Мұғалжар» атты сәйгүлігі, ал бірінші келген Қостанай облысы Заречный ауылының сәйгүлігі «Ақ танау».

Оразғали Жүсіпов атақты «Инсула», «Шахерезада» сәйгүліктерін шаптырған.

Аламан бәйге 20 шақырым болғандықтан, басында бірі алдыға шықса, соңында тіпті басқа сәйгүлік жеңіп алатындай қызықты жарыс болды. Бас жүлде 2 миллион теңге. Бірнеше айналым қалған сәтте 20 қатысушыдан тек төртеуі ғана қалып, соңғы айналымда үшеуі бас жүлдеге таласты. Оқтай ұшып келе жатқан «Меруерт» атты сәйгүлікті соңғы он метрде «Орт» озып кетті. Сонымен үшінші орынды 80 нөмірдегі Әулиекөл ауданы, Шөптікөл ауылынан келген «Ілдинка» атты сәйгүлік иеленсе, екінші орынды Атырау қаласының «Меруерт» атты сәйгүлігі алды. Бас жүлде Астана қаласының «Орт» атты сәйгүлігіне бұйырды.

Өткен бәйгенің жалпы жүлде қоры 5250000 теңгені құрады. Сонымен қатар “Құнан” бәйгеде 1, 2, 3 орындарға тай, құнан, дөнең берілді.Жалпы республикалық жарысқа тіркелген 70 – ке жуық қатысушысы қатысты. Одан бөлек тіркелмеген, бақ сынап көрген қатысушыларда болды.

Аяжан СЕРІК
Фотоны түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77