Біздің Қостанай Образование

Республикалық олимпиадада облысымыздан 20-дан астам бала бақ сынауда

Бүгін Қостанай қаласында “Zedeli” білім беру орталығы облыстық білім басқармасының “Дарын” орталығымен бірлесіп қаламыздағы №24 мектеп гимназиясының базасында 3-4, 5-6 сынып оқушылары арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтуде

Оған облысымыздан жиырмадан астам оқушы атсалысуда.

Іс-шараның ашылу салтанатына елімізге танымал математик, “аталмыш олимпиаданың авторы, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ырысбек Мәуіт қатысып балаларға сәттілік тіледі.

– “Алтын сақа” олимпиадасы тәуелсіз әрі ақысыз тұрғыда соңғы тоғыз жылда еліміздің түкпір-түктірінде өткізіліп келеді. Олимпиадаға қызығушылық білдіріп қатысып келе жатқан оқушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2023-2024 оқу жылында еліміздің барлық өңірлерінен 247 мыңнан астам оқушы қатысты, оның ішінде Қостанай облысы бойынша 1400 оқушы қатысқан екен. Бүгін Қостанай қаласында өтіп жатқан республикалық кезеңге өзім арнайы келіп қатысып отырмын. Бұл білім бәйгесінің нәтижесі шыққаннан соң марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін болады. Жүлде қорымыз қомақты оның сыртында бағалы сыйлықтарымыз да бар. Осыменен киелі Қостанай жеріне үшінші рет табан тіреп тұрмын. Бізде сонымен қатар ұстаздарға арналған авторлық “Алтын тұғыр” деген олимпиадам бар. Ол жерде де бас жүлдеге демалыс орындарына арналған сертификаттар және ақшалай сыйлықтар тігіледі, – деді Ырысбек Мәуіт.

Тағы бір қуанышты жаңалық биылғы жылдың 1 тамызынан бастап “Zedeli” ақыл- ой дамыту орталығы біздің қаламыздан да есігін айқара ашпақ.

– “Zedeli”-нің негізгі мақсаты оқушылар арасында математика саласына қабілетті балаларды анықтап, ерте жастан білімге деген қызығушылығын арттыру. Құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, елімізге қажетті мамандықтардың дамуына үлес қосу болып табылады, – дейді ұйымдастырушылар.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77