Социум

Құрметті қостанайлықтар, сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

7 және 9 мамыр мерекелері — еліміздің тарихында айрықша маңызға ие. Бұл даталар ерлік пен батырлықтың, әскери борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің символы. Бұл мерекелер бейбітшіліктің, бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының маңызын және ата-бабаларымыздың ерлігіне деген құрметті айшықтайды.

Отан қорғаушылар күні елге қызмет етуді өмірлік міндетіне айналдырған, мемлекет қауіпсіздігін күзетіп, өз борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарды құрмет тұтамыз. Ал Жеңіс күні майданда және тылда бейбітшілік пен бостандықты қорғаған жандарды алғыспен еске аламыз.

Бұл мерекелі күндер қоғамда отансүйгіштік рухты, өзара құрмет пен бірлікті, ел болашағына деген жауапкершілікті нығайта берсін.

Барша қостанайлықтарға зор денсаулық, бақ-береке, ертеңгі күнге сенім және ашық аспан тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі
Марат ЖҮНДІБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77