Новости Социум

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда қайғылы оқиға орын алуы мүмкін

Қостанай жатақханалары бойынша профилактикалық рейдтер жүргізілді

Өрт немесе азаматтардың өміріне қауіп төндіретін өзге де төтенше жағдайлардың пайда болу қаупін жою және алдын алу мақсатында Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде адамдар тәулік бойы болатын жерлерде, олардың ішінде қала жатақханаларында рейдтер жүргізеді.

Жатақханалар-бұл көп адамдар тұратын тұрғын үйдің ерекше санаты, сондықтан «адам факторының» салдарынан өрт немесе ТЖ туындау қаупі артады. Сондықтан ТЖ басқармасының қызметкерлері жатақхана тұрғындары арасында алдын алу рейдтерін өткізуге ерекше көңіл бөледі. Осындай іс-шаралар ТЖ туындау қаупін азайтуға және азаматтар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Қостанай қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт және өзге де төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында Қостанай қаласының 34 жатақханасы бойынша алдын алу рейдтерін өткізді. Рейд барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері жатақхананың 1367 тұрғынына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді, сондай-ақ тұратын бөлмелердегі өрт қауіпсіздігіне назар аударды.

Сонымен қатар Азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы, соның ішінде тұрғын үй-жайларды жылыту үшін тұрғындар пайдаланатын электр жылыту құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы еске салды.

ТЖБ қызметкерлері өрттің жоғары қаупіне байланысты жатақханаларда газ баллондарын пайдалануға тыйым салуға ерекше назар аударды және еліміздің басқа өңірлерінде осындай ТЖ-ның қайғылы статистикасын мысалға келтіре отырып, осы тыйымды бұзу қандай салдарларға әкеп соғуы мүмкін екендігін түсіндірді.

Рейд жүргізу кезінде жатақхана тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері мен шұғыл қызметтерді шақыру нөмірлері көрсетілген жадынамалар таратылды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77