20 мамыр күні облысымызда ат жарыс маусымы салтанатты түрде ашылды
Заречный кентіндегі «Арғымақ» ипподромында Қостанай жылқысы тұқымының қатысуымен ат спорты түрлерінен республикалық турнир ұйымдастырылды. Бәйге сүйер қауымның назарына 1000 және 1800 метрге тегіс жарыстар, құнан мен аламан бәйге, сондай-ақ қыз қуу мен аударыспақ бойынша көрме қойылымдар ұсынылды. Жиылған жанкүйерлер үшін түрлі көрмелер ұйымдасытырылып, жәрмеңке өтті.
Бәйге көріп қазанаттардың шабысына демеу білдіріп, ұлтық ойынды қолдап келген халықтың қарасы көп болды. Сондай-ақ, осындай рухани байлығымызды сақтап қалып, болашақта оны дамыта түсу жолында облыс әкімдігі мен ат спорты федерациясы да қажырлы еңбек ету үстінде.
Еліміздің әр түкпірінен атбегілер үшін аламанның бас жүлдесіне үш миллион теңге тігілді. Осы орайда мың метрлік қашықтықта жітіқаралық Арман Еспергеновтің сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Шабандозы Нұрасыл Ахмет.
Көкшетаулық Еділ Құсайынов тізгіндеген «Нұрбеген» одан кейін келді. Ескендір Белгібаев «Самғау» атты жүйрігімен мәрені үшінші кесті. 1800 метрлік бәйгеде Еділ Құсайынов қарсыластарынан оза шапты.
«Коржукпен» шапқан Нұрислам Оразов екінші келді. Ердос Ринат сәйгүлігімен үшінші орынды місе тұтты.
Жітіқаралық Арман Еспергеновтің «Загадочныйы» бес шақырымда жанындағыларға шаң қаптырды. Батырбек Ахметовтің «Айназ» деген арғымағы жітіқаралық атқа шамалы ілесе алмай қалды. Аманкелділік Ертарғын Әділхановтың сәйгүлігі үшінші орын алды.
Көптен күткен аламан бәйгеде жітіқаралық «Көктеміс» пен Рымхан Нұртілеу тізгіндеген «Занзифара» арасында бәсекелестік басым болды. Бәйгеге түскен он сегіз аттың он бесі жарысты уақытынан ерте аяқтады. Диас Жүсіптің астындағы «Сұлтан» деген сәйгүлік мәре сызығын соңғы екі айналым қалғанда алда келіп, кесіп өтті.
Айта кеткен жөн болар Қазақстанда арнайы республикалық күнтізбе құрылды, оған Қостанай тұқымының ат жарыстары енгізілді. Жалпы жүлде қоры 80 млн теңгені құрайтын жоспарланған бес шараның төртеуі біздің өңірде өтетіні қуантады. Қостанай тұқымының селекциялық жұмысын «Қазақ тұлпары» ЖШС Қостанай жылқы зауыты жүргізеді. Жергілікті жылқылардың тұқымын сақтап қана қоймай, популяцияны көбейту міндеті тұр.
– Мен жылқыларды өте жақсы көремін, әсіресе біздің Қостанай тұқымын ұнатамын, сондықтан мен ат спортын үнемі қолдаймын. Бұрын мен «АгромашХолдинг KZ» компаниясын басқарған кезде біз бұл іс-шараның демеушісі болдық. Бүгін Қостанайлық жылқы тұқымына арналған республикалық ат спорты турниріне қонақ ретінде қуана қатысып отырмын. Біздің тарихи мұрамызды сақтау – өмірдегі ең маңызды нәрсе. Мұндай іс-шараларға жастарымыздың қатысқаны тағы да бір қуантарлық жағдай. Бұл жолы бәйгеге қыздар да қатысты. Аталмыш іс-шарадан алған эмоциямды айтып жеткізе алмаймын, – деді Мәжіліс депутаты, жерлесіміз Динара Шукижанова.
Жан ШАЙМЕРДЕН,
суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77