Новости Социум

Рухани келісім күні – тұрақтылықтың іргетасы, ел бірлігінің ұйытқысы

Рухани келісім күніне арналған А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ SMART–ЦЕНТР конференц-залында дөңгелек үстел өтті

Ұлт ұстазы А. Байтұрсынов атындағы ордалы білім ордасының SMART–ЦЕНТР конференц-залында Тәрбие жұмысының басқармасы, Жастар ісі жөніндегі комитеті және этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының бірігіп ұйымдастыруымен шара өтті.

Дөңгелек үстел тақырыбы  «Ел бірлігі – Рухани келісімде» деп аталды. Бұл іс-шараға дәстүрлі дін, этномәдени бірлестіктер өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрам, БАҚ өкілдері және университеттің студенттері қатынасты.

Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде Тәрбие жұмысының басқармасының басшысы Гүлнар Сейтжанқызы, поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы В.Л.Радомский, діни мәселелерді зерттеу орталығының бөлім жетекшісі Д.А.Дисюков, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб-имамы Нұрлан Сейдағалиев, Қостанай және Рудный Епархиясының православ шіркеуінің діни өкілі, богословия бакалавры Отец Виталий в миру В.П. Клеба сөз сөйледі.

– Рухани келісім түсінігін Құран Кәріммен алсақ болады. Алла тағала қасиетті кітапта айтқандай: Бұрын сендер дұшпан болдыңдар, енді сендердің жүректеріңді жарастырдық, яғни бір еттік, деген. Осы егемендігіміз бар және елде болып жатырған барша игі бастамалар әрине Алланың қалауымен орындалып жатыр. Баршамыз Тәуелсіз елде бір тудың астына бірігіп, жік-жік болып бөлінбей, ұлттың ұлт болып ұйысуына, ел іргісінің берік болуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар, өзге дін ұстанушыларының  баршасына құрметпен қарауымыз керек, – деді «Жайлаубай ата» мешітінің наиб-имамы Нұрлан Сейдағалиев.

Жиын барысында өз баяндамасымен сөз сөйлеген ҚМУ оқу орынының «Ақпараттық технологиялар» факультетінің 4 курс студенті Қуаныш Қалғапар бұл күннің маңызы зор екендігіне тоқталды.

– Ел бірлігін, ұлтаралық, дінаралық татулықты, одан әрі жандардырып үлес қосатын, бірлікке шақыратын мереке болып саналады осы күн. Әрқашан достығы, туыстығы жарасқан халықтың ынта-ниеті мен тілек-арманының әркез орындалатыны белгілі. Рухани келісім барша ұлттар мен дін өкілдерінің түсінігін нығайтып, жақсылық пен ізгілікке шақырып, адал істерге бастай берсін. Жастар түрлі азғырушылыққа ермей, елдің ортасына іріткі салушыларға мойын сұнбай, тек ел бірлігін сақтауға ат салысуымыз керек, – деді  Қуаныш Қалғапар.

Дөңгелек үстелге қатысушылар халықаралық қауымдастықта біздің елімізде тұратын және біртұтас замануи және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған бірізді саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отырғандығын атап өтті.

Рухани келісім күнін 1992 жылдың қазан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматы қаласында І Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі жиынында 18 қазанды қоғамымыздағы өзара түсіністікті нығайту күні ретінде белгілеп, оны дәстүрлі түрде мереке ретінде атап өту ұсынылған болатын. Қазіргі таңда бұл күн барша қазақстандықтардың мерейлі мерекесіне айналып отыр.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77