Қалалық №2 емхананың эпидемиолог дәрігерінің кеңесін 50-ге тарта жұмысшы тыңдады
Жұқпалы коронавирус дертіне қарсы екпе алу өңірімізде барынша жүргізіліп жатыр. Бүгінде қаламызда екпенің екі компонентін алғандар ревакцинация жасатуды қолға алған.
Осы мақсатта Қостанай қаласы әкімдігінің тапрысымен емханалардың қызметкерлері мекемелерді аралап, ревакцинацияның тиімділігі жайында өз кеңестерімен бөлісуде.
Бүгін шаһарымыздағы «Жаңа қала» шағын ауданындағы көп қабатты үйлерді тұрғызуда еңбек етіп жатқан «БК-Строй» құрылыс компаниясының құрылысшыларына қалалық №2 емхананың эпидемиолог дәрігері келіп ревакцинацияның жұқпалы қауіпті дерттен сақтану үшін қаншалықты маңызды екені жайын кеңес берді.
Қазіргі таңда аталмыш құрылыс компаниясының 70 пайыз жұмысшысы ревакцинация қабылдаған. Қалғандары соңғы жасаған екпемен ревакцинацияның арасында сақталатын уақытқа байланысты алмаған, алдағы уақытта қалған құрылысшылар да ревакцинация қабылдайтын болады.
-Қала тұрғындарын ревакцинация жасауға шақырамын. Өйткені, коронавирус сынды қауіпті дерттің бетін тек оған қарсы екпе егу арқылы ғана қайтаруға болады. Бұл көп жылғы тәжірибеден алынған шешім екені белгілі. Бүгін қыстың қытымыр аязына қарамастан уақытпен таласып жұмыс істеп жатқан құрылысшылармен кездесіп, жұқпалы дерттен өздерін қалай сақтауларына болатыны жайында кеңес бердім. Әрине, бұл мақсатта бірінші кезекте вирусқа қарсы екпе алу қажет. Сондықтан оларға ревакцинацияның өміріміз үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге тырыстым,-дейді қалалық №2 емхананың эпидемиолог дәрігері Инна Соколова.
Дәрігердің кеңесін тыңдауға құрылыс компаниясының 50-ге тарта қызметкері жиналды. Олардың бәрі де коронавирусқа қарсы екпенің маңызды екенін жақсы түсінетіндерін және уақытында ревакцинация жасатуға дайын екендерін жеткізді.
-Медицина қызметкерлерінің мекемелерді аралап, ревакцинацияның маңыздылығы жайында түсініктеме беріп жүргендері өте дұрыс деп ойлаймын. Кейбір қала тұрғындарының әлі де санасында екпеге деген күдік басым. Сондықтан біз көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде өзіміздің және жақындарымыздың өмірін сақтап қалу мақсатында міндетті түрде ревакцинация жасатуымыз қажет деп білемін,-дейді «БК-Строй» құрылыс компаниясының шебері Ян Прейманов.
Бүгін жұқпалы дертке қарсы екпе алып, ертең өміріміздің сақтап қалатынымызды ұмытпайық.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Владислав ВЫСОЦКИЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77