Новости События

Сүйікті де әсем қала Қостанай

Шаһарымыздың мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілді

Көрікті Қостанайдың 140 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Шаһарымыздың мерейтойына дайындық ерте бастағаны белгілі. Қаланың жолдары жөнделіп, көп қабатты тұрғын үйлердің сырты қапталды. Ал қызыл гүлдер жайқалып қаланың көркін одан бетер жандырды.

Елімізде сан түрлі қала бар. Бірақ солардың ішінде көзімізге ыстық көрінетін Қостанайға шаһар жетпейді. Көшелері түзу де таза, гүлдері мен жасыл желегі жерге төселген түкті кілемдей жарқырайды. Ауасы кәусар.

Міне, осындай көрікті шаһардың жылда туған күнін қала тұрғындары үлкен қуанышпен атап өтеді. Биыл да қала күні ерекше де қызықты өтті. Екі күн қатарынан өткен бұл мерекеде кәрінің де жастың да көңілі көтеріңкі болды.

Шаһарымыздың мерейтойында облыс әкімдігінің алдында үлкен сахна құрылды. Орталықта құрылған палаткаларда қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда қостанайлық қол өнер шеберлері өздерінің жұмыстарын сатылымға қойды. Оның ішінде тоқыма кимдер мен ойыншықтар, ағаштан жасалған сәнді бұйымдап, асыл тастардан  жасалған алқалар, сақина, білезіктер көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Осындай өзінің қолынан шыққан тоқыма бұйымдарын жәрмеікеге әкелген Татьяна Омарованы сөзге тартқанымызда, ол бізге былай деді:

Мен бала кезден тоқыма тоқығанды ұнатамыз. Әжем де ана да тоқымашы болған. Алғашында тек киімдер тоқумен айналыстым. Қазір түрлі ойыншықтар тоқимын. Бір кездері өзімнің жұмыстарымда қаламыздағы сату орталықтарының бірінде сатылымға қойдым. Жергілікті тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.

Қазір басқа тұрақты жұмысым бар. Сондықтан тоқымадан ойыншықтар жасау тек қолым бос кезінде айналысатын сүйікті ісім болып отыр. Әсем қала Қостанайдың мерейтойында өзімнің қолымнан шыққан әдемі ойыншықтарды жәрмеңкеге қоюды дұрас деп санадым.

Бұл жәрмеңкелер қостанайлықтарға ерекше әсер қалдырды.

Сондай-ақ қала күніне орай Тобыл өзенінің жағалауында орналасқан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында «Алтын Аймақ – Қостанайым» атты облыстық және қалалық конкурстардың жеңімпаздары марапатталды. Осыдан кейін қазақ еліне кеңінен танымал композитор, әнші Лұқпан Жолдасов және «L – LINE» троисы өнер көрсетті.

Мұнда қостанайлық өнер сүйер қауым көп жыналды. Олар өздерінің сүйікті әншілері Лұқпан Жолдасовтың әндерін тыңдап, ерекше әсер алды. Өз кезегінде  белгілі әнші қала тұрғындарын қала күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, «Алтынай», «Сен жүрген жермен жүргім келеді» сында әсем әндерін нақышына келтіре орындап, жиналған көптің көңілін таба білді.

Мерекенің екінші күнінде облыстық әкімдің алдында құрылған үлкен сахнаның алдына халық өте көп жиналды. Осындай облыс әкімі жиналған қауымды қала күнімен құттықтап, жүрек жарқы тілектерін жеткізді.

Осыдан кейін қала халқы тағатсыздана күткен еліміздің және Ресейдің танымал әншілері сахнада өнер көрсетті. Олардың алғашқылары болып «Астана опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин. Құдіретті қоңыр дауыс иесінің өнеріне қостанайлықтар тәнті болды. Олар оған өздерінің ризашылықтарын білдіріп, тілектерін айтып жатты.

Одан кейін киелі сахнаға «Формат» тобы және Қайрат Баекенов шықты. Олар бүгін де қазақ эстрадасының шоқ жұлдыздары. Көпетеген хит әндерімен танымал. Осылайша хит әндерін орындаған әншілерге халық үлкен қолдау көрсетті. Өнерлеріне риза болды.

Ең соңғы болып сахынаға шыққан Ресейден  келген әнші, тележүргізуші Митя Фомин. Оның орындауындағы әндерді қостанайлықтар қосыла шырқап, көңілдері көтеріліп, бірге биледі.

Міне, осындай қызықты концерттік бағдарламадан кейін ұзаққа созылған отшашу басталды. Биылғы отшашу өте әдемі болды. Жиналғандар оны біткенше тамашалап, үйлеріне тарады.

Осылайша жоғары деңгейде аталып өтілген Қостанайдың 140 жылдық мерейтойы, есімізде ұзаққа сақталатыны белгілі.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77