Социум

«Сөйле Time» клубы бірінші маусымын аяқтады

Қазақ тілін еркін форматта үйрететін клубтың жұмысы қыркүйек айында жалғасын табатын болады

Қазақ тілін еркін форматта үйрететін «Сөйле Time» клубының бірінші маусымының жабылуы өтті. Үстіміздегі жылдың наурыз-маусым аралығында аптасына 1 рет әртүрлі мәдени-әлеуметтік орындарда қазақ тілінде өткізілген 16 кездесу барысында, клуб мүшелері тілдік ортаға бейімделіп, қазақ тілін үйренуге деген ынталары артып, көптеген танымдық ақпарат алды.

Әсіресе, қазақ драма театры мен облыстық қуыршақ театрында өткен кездесуде қысқа қойылымдарға қатысып, өздерінің актерлық шеберліктерін шыңдап, рөлдік ойындардан керемет әсерге бөленді.

Кітапхана, мұражай қабырғаларында өткен кездесуде қазақтың салт-дәстүрлерімен танысып, сөздік қорларын байытты. Орталық базасында өткен интерактивті сабақтарда өзара сұхбат құрып, еркін сөйлеуге машықтанды.

Бірінші маусымда қазақ тілін үйренуге ерекше зейін қойған клубтың белсенді қатысушыларына Алғыс хат табысталды.

– Бүгінде Қарабалық, Меңдіқара аудандары мен Рудный қаласында «Сөйле Time» клубы қарқынды жұмыс істеп жатыр. Тамыз айында Қарасу ауданында клубтың ашылу салтанаты өтеді. Ал қаламыздағы «Тілдарын» оқыту орталығында қазақ тілін еркін форматта үйреті жұмысы қыркүйек айында жалғасын табатын болады, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77