Біздің Қостанай Социум

Сұлулар байқауында 7 ару бақ сынап, өз өнерлерін ортаға салды

Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті студенттерінің мәдениет сарайында “Мисс – КСТУ” байқауының жеңімпазы анықталды

Салтанатты шараға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды, бірі хэнд-мэйт, яғни өз қолдарымен көйлек дайындау болса, екіншісі қатысушылардың өнерін тамашалау. Қатысушылар конкурстық бағдарламада өздерінің барлық өнгерлерін паш етті. Айта кету керек , жеңімпаз КСТУ-да 4 жылдық грантқа ие болады. Жалпы 7 ару қатысты, олар Влада Супруненко, Асель Ибраева, Айман Колесникова, Томирис Каирбекова, Рената Филина, Виктория Штром, Лидия Божик.

– Біздің балалардың қолынан мүмкін емес нәрселер келеді. Олар 16 жасында сахнадан қорықпай, осылай өнер көрсете білді. Олардың өнерлері, шығармашылығы, олар өз қолдарымен жасаған көйлектері, байқауға сай болды. Жаман балалар жоқ, дұрыс емес педагогика бар. Біз кейде айтып жатамыз, менің баламның өнерге икемі жоқ, менің балам ерке, жалқау деп, жоқ, бұл мүлдем олай емес, әр бала ата-анасы үшін алтын тәрізді. Кішкентай кезіңізді еске түсіріңіз, сіздер де сондай болдыңыздар емес пе, – деді Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры Қадырғали Джаманбалин.

“Мисс – көктем” атағына ие болған №15 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Томирис Қайырбекова.

– Кішкентай кезімнен менің басты хоббиім – би билеу еді.  Сахнада мен өзімді мүмкіндігінше жайлы және сенімді сезінемін. Үнемі қозғалыста өмір сүремін, сондықтан достарыммен кездесулер мен көңілді серуендерді жақсы көремін. Туризм, журналистика және өнер сияқты мамандықтар қызықтырады. Бұл байқауға дайындық қиын болды. Маған дефиле дұрыс жүруді, әртүрлі позицияларды үйретті. Сондай-ақ, шығармашылық нөмір, макеттер дайындадым, өзіме қолдан костюм жасадым. Әрине, дайындық кезінде қиынықтар туындады, өйткені үзілісте немесе жаттығу алдында менде сабақтар мен үйірмелермен бір уақытта болып қалатын. Бірақ барлығына үлгеруге тырыстым. Жалпы айтқанда, жеңіс үшін әр күнімді минут минутпен бөліп, әр нәрсеге уақыт табуға тырысып бақтым.

Қатысушылардың айтуынша, дайындық кезінде қыздар бір-бірімен жақсы араласып кеткен. Бірнеше күнді бірге өткізіп, бір біріне көмектесіп жүрді. Әр қатысушы басты титулға лайықты болытындай өнер көрсетті.

Томиристің айтуы бойынша, бұл байқау ең алдымен өзіне сенуді, армандардың орындалатынына сенуді үйретті. Әр адам өзінің жақсы нұсқасына айналуға және одан да көп дамуға мотивация пайда болатынына көзі жетті.

Барлық қатысушылар, ата-аналарына, туыстарына, достарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, ұйымдастырушыларға олар үшін жасаған барлық істері үшін шексіз риза болды.

Оған қоса бұл іс-шарада арнайы қонақ, әнші “Qanay” өнер көрсетті.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77