Біздің Қостанай

САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Мәрияш ҚАДЫРАЛИНОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мәселелердің шешу жолдарын тағы да нақты, қажетті көрсетіп берді. Әрине, бүгінде саяси өзгерістер керек екені даусыз. Соның ішінде билікті халыққа жақындата түсу маңызды қадам. Сондықтан, Президент құқықтық негіздерге сүйене отырып, Парламентке өз құзыретін беретінін мәлімдеді. Халықаралық үлгіге сай өзгерістерді енгізу жолдарын ұсынды.

Партияларды тіркеу шегі 5 мыңға дейін азайтылатын болды. Мұның негізгі мәні – әділ қоғам құру. Осылайша, халық арасынан шыққан азаматтардың билікке көбірек баруына мүмкіндік ашыла түсті деп ойлаймын.
Сонымен бірге, Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде байбалам емес, шешімді істер керек екенін де айтылды. Менің қосарым: ең бастысы, демократ ел, біртұтас халық, зиялы қоғам ұстанымдары үндескенде біздің саяси өзгерістеріміз жемісті болады. Мемлекет басшысының сөзінен осы қағиданы оқи алдық.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77