Социум

Сайлаубек Ещанов жерлестерін Конституция күнімен құттықтайды

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – халқымыздың бірлігін, еркіндігі мен әділдікке деген ұмтылысын айшықтайтын қастерлі мереке. Бүкіл халықтың таңдауымен қабылданған Ата Заңымыз ел дамуының берік тірегіне, демократиялық құндылықтардың кепіліне айналды.

Конституциямыз мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз – қоғамдағы татулықтың, өзара түсіністіктің және Ата Заңға деген сенімнің нәтижесі.

Облыстық мәслихат депутаттары да Конституция талаптарына сай Қостанай өңірінің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосып, өңір халқының игілігі үшін жұмыстар атқаруда. Соның нәтижесінде облысымызда оң өзгерістер жүзеге асырылуда.

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Елдігіміздің тұғыры берік, бірлігіміз баянды болсын!

Құрметпен,
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы
Сайлаубек ЕЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77