Қостанай облысы сандық теледидарға толық көшті
Еліміз бойынша бұрыннан қолданыста келе жатқан аналогты теледидардан сандық теледидарға ауысу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгін де Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары 100 пайыз сандық теледидарға көшкен.
Жұмыс аяқталып, қолымыз босап, бір уақыт еліміздің бірқатар телеарналарын ауыстырып, соңғы жаңалыққа құлақ түретініміз белгілі. Осындай сәттерде сіз әлі күнге дейін сандық таладидарға көшпеген болсаңыз, еліміздің көптеген телеарналарын тамашалай алмауыңыз мүмкін. Өйткені, бүгінге дейін қолданыста келген аналогты теледидар өз жұмысын тоқтатып жатыр.
Жаңа сандық теледидарға көшу үшін арнайы сандық хабар тарату ресиверін орнату қажет.
Өңірімізде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға яғни 687 тұрғынға сандық хабар тарату ресивері тегін таратылды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен барлығы 7 миллион 557 мың тенге қаражат бөлінген. Осынау көмекке арнайы топтарға жататын тұрғындар шаһарымыздағы жұмыспен қамту бөліміне қажетті құжаттарды алдын ала тапсырған.
Ал қалған тұрғындар сандық теледидарға көшу үшін қаламыздағы техника дүкендерінен сандық хабар тарату ресиверін 4 000-12 000 теңге аралығында сатып ала алады.
Қостанай облысы 1 шілдеден бастап сандық теледидарға толық көшті. Сондықтан аймағымыздағы шалғайда жатқан елді-мекендердегі тұрғындар телеарналарды ең жоғарғы сапада тегін көретін болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Фото ғаламтор желісінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77